Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында оқушы жастарға білім беру мен тәрбиелеу үшін, біздің көзқарасымызша, бағдар Қазақстан Республикасындағы білім беру туралы Заң, сондай - ақ таяу уақыттағы және болашақтағы жастарға білім беру мен тәрбиелеудің проблемалардың шешудің жолдары белгіленген, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жыл даму стратегиясы болып табылады»- деген.

Жастар біздің болашағымыз болғандықтан, мемлекеттің сонымен қатар қазіргі мектептің қойып отырған талабы терең ойлай алатын өздігінен шешім қабылдай білетін, белсенді тапқыр, шығармашыл жеткіншектер тәрбиелеу.
Баланың физиологиялық тұрғыдан дамуын ескерген жөн. Баланың физиологиялық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өсіп жатады. Ал оның психикасының жекелігінің дамуы ше? Санасының дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе?
Бұл сұрақ жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды. Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге баланың психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерінің қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның, ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытудың ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап - ақ, ойшылдар білім мен ақыл - ой тәрбиесінің ара - қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттерін, ақылының қасиеттеріне, мінез - құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуге қойған.
XVI - ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл - ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. Т. Песталоции баланың ақыл - ойын, барлық қабілет - қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған. Осылай бола тұрған мен «дамыта оқыту»деген терминге көзқарастар мен пікірлер әртүрлі. Себебі «дамыта оқыту» ұғымына берілген түсініктер әртүрлі және «дамытпайтын оқыту бола ма?» деген сұрақтар жиі қойылады.

«Дамыта оқыту»деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған /Ж. Пиаже/, ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін және басқа да психиканың функциясын зерттеген және т. б. іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған ғалымдардың еңбектерінде жан - жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларын математика білімінің қыр - сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез - келген ортада өзін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Бастауыш сынып оқушыларына ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Балаларға білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі. Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті білу, керек жерде жоқ әдісті табу дегендей сабақты түрлендіріп, қызықты ойындар, өлең есептер, логикалық жаттығу есептерін қолдана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргіземін.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту дегеніміз – бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамыту.
Логикалық жаттығулардың өзі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастырудың бір тәсілі болып есептеледі. Логикалық жаттығуларды жүргізуге математикалық объектілерді салыстыруды, жай түрлерін қорытындылап орындауды, туыстық және аралас қатынас түрлері туралы түсінік алады.
Логикалық есептер кеңірек ойлауды қажет етеді, сонымен қатар сабақта қолданған кезде тақырыпқа байланысты алған жөн.

Мысалы: «Теңдеу» тақырыбына байланысты математикалық өлең есеп арқылы теңдеу құруды талап етемін.
Барлығы қанша қарға
Келді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демеу қиын
Болмаңыздар әбігер
Табылар ебі бәрі бір
Айтар есіп шартын кім,
Теңдеу құру тәртібін. (Жауабы: 2*х=50)

Астана қаласы, №60 мектеп - лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Алтаева Ж. А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттыру ...

Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттыру ...

Оқушыларға қазақ тілі білімінің қыр - сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез - келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының...
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінде дамыта оқыту технологиясын ...

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату....
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...
Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Тіл сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушы шығармашылығын арттыру

Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әр бір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан оқушының жеке...
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын оқыту мазм ...

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мүғалімі Гүлдана Бауыржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×