Егер жолаушы жалғыз өзі қалың жыныс орман мен қиын асулы тауда немесе қараңғы түнде елсіз жапанда ұзақ жол жүрсе, Шимұрын шайтанның қолынан мерт болуы мүмкін.
Күн де, Ай да жарығын түсірмейтін екі теңіздің аралығындағы елге қуылған жамандық сайтаны Еркілік қайтадан Майтөреге келіп, одан: - Сен маған өз аспаным мен өз жерімді жаратуға рұқсат етесің бе? – деп сұрады.
Үлкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық өлгендердің тағдыры Еркіліктің қолына көшті.