Құйрығы жоқ, жалы жоқ- Құлан қайтіп күн көрер?! Аяғы жоқ, қолы жоқ- Жылан қайтіп күн көрер!? Шыбын шықса жаз болып - Таздар қайтіп күн көрер?! Жалаң аяқ балапан, Қаздар қайтіп күн көрер!?
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?! Ғашықпын.
Менің пірім - Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай! Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай! Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап Қара дауыл құйындай!
Өмірімді несіне жек көремін, Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. Өмір қашып барады құсқа мініп, Мен артынан жетем бе деп келемін. Тағдырыма несіне өкпелейін, Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін, О, өмір, ұстатпаған уың бар ма? Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!