Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
* * *
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Аққу, шортан һәм шаян
- ramuk_b
- 28 қараша 2018
- 1753
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аққу, шортан һәм шаян өлеңі, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Бастауыш сыныптан қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Айзада Тұқпатоллақызы...
Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)
Мақсаты Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау. Міндеттері Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным...
Аққу, шортан һәм шаян
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Имамадинова Оразгүл...
Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...
Аққу, шортан һәм шаян
Гарифоллаева Алмагул Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлы аударған И. А. Крыловтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.