Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?!
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
...Оны неге білмейсің?!
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан!
Мұны неге білмейсін!?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі.
Аққу - құстың төресі,
Ен жайлап көлді жүр еді.
Аңдып жүрген көп дұспан
Елге жау боп келеді:
Құладын қуды өлтірсе -
Өз басыңа келеді!
Құлың көп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?!
...Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!?
...Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма?
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің!?
Қош, аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің!
Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің
- ramuk_b
- 30 қараша 2018
- 2543
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің, Асан Қайғы жырау, Асан қайғы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Бәрі өтер
Сауық та өтер, Сайран да өтер. Бақ - дəулет баяны жоқ байдан кетер....Қара сөздер. Абайдың оныншы қара сөзі
Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді....Төріңде жатып салмақтан
Ай, Абылай, Абылай! Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан,...Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.