Сайтқа кіру Тіркелу

Ұстазға арнау

Тәрбиелеп әрбір шәкірт санасын
Көңілдерін бірден жаулап аласың.
Анамдайсың көңілімді қимайтын
Біліп тұрсаң тасқын судай сыймайсың.

«Білсін»-дейсің, «көрсін» -дейсің әлемді
Өзгелердің қамын ойлап жүр енді,
Тар қапаста тексеретін дәптердің
Ақысын жұрт қалай өтеп береді.

Қызық емес мұның бәрі өзіңе
Отырасың бір кітапқа тесіле
Қарамайсың жан-жағыңа, әлемге
Шәкірттерім білмей қалар дейсің бе?

Сусындатып әрбір білім санасын
Жүректерді бірден жаулап аласың
Ренжімейсің шәкіртіңе «балам»-деп
Осы жанды қалай адам қылам деп

Күн түн демей үңілесің білемін.
Мардымайтын жалақыға жүр едің
Ойламайсың ол жағын да білемін
Сіздей ұстаз аман болсын дер едім.

Әлемдегі асылдарды теңесем де
Сізге жетпес қазына дедім мен де
Қанша асыл,қанша байлық берсең де
Айырбастап алмас едім ештеңеге.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің
11 Б сынып оқушысы Таңжар Әйгерім
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×