Сайтқа кіру Тіркелу

Түн бола алман!

Түн бола алман!

Жалғыздығым жазмышындай көктемнің,
Жанарымда жалғыз тамшы өткен күн.
Жан сырымды жүзіңізге жасырып,
Жалт еткен сәт,жарығыммен өбкенмін.

Жан шуағын солай үнсіз төккенмін.
Дидарымда күннің нұры, өкпем-мұң.
Күрсінгенде көк аспанды қалқалап,
Күнге айналып ғұмыр кешу неткен мұң?

Жырақтардан татып, ғажап бақ дәмін,
Түн бола алман, бола да алман ақ таңың.
Күндізіме керім сырды сыйғызып.
Сезілмес ау, кеш соңында батқаным.
Менің ғазиз шақтарым!

Толқын Қабылша
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×