Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа айналды.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ және орыс тілдерін оқып жүрген шетелдік студенттер үшін арнайы ашық тәрбиелік іс - шара ұйымдастырылды.
Бүгінде көркімен әдемі, табиғаты да өте керемет, әсем Алматы қаласының тарихымен шетелдік студенттерді таныстыру мақсатында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Алматы қаласы» атты ашық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде әртүрлі елдерден келген шетелдік студенттер оқиды. Қытайлық студенттер Алматыға жыл сайын білім алу үшін келеді.
На факультете довузовского образования КазНУ им.аль-Фараби учатся иностранные студенты из разных стран. Китайские студенты приезжают в Алматы для получения образования каждый год.