Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар
Тұсау кесер
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Шоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік - сахнадан.
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
Қадірлі меймандар! Асыл ағайындар!
Тәй - тәй басқан, таудан асқан баламыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын бұл қадамы баланың! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін, әрдайым күлімдесін, оқыс басқан қадамы еш уақытта білінбесін!
Бүгін алтын баламыздың тұсауы кесілді, күрмеуі шешілді. Болашағына қадам басты, сол қадамды кішкентай бір адам басты.
Өмір жолы жарқын болсын, қуанышқа бар күн толсын! Көзінен жас ақпасын, удың дәмін татпасын! Батпақтарға батпасын, елін - жұртын мақтасын! Сүрінбесін - әрдайым осылай мен зарлайын! Басына бақ орнасын, Қыдыр оны қолдасын!
Құрметті қонақтар! Ағайын - туыс, бауырлар!
Бүгін тұсауы кесілген азаматымыздың дені сау болып, ата - анасына қуаныш пен бақыт сыйласын. Өмірде сүрінбесін. Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін!
Тұсауы кесілген кішкентай азаматымыздың өмірі нұрға бөленіп жүрсін! Жүрегі шуақты болсын, білегі қуатты болсын! Сүрінбей алға ұмтылсын, жолын кесіп кім тұрсын! Бақ әкелсін бәріңе – жасы менен кәріңе!
Ананың тілегі
Оқуда зерек бол, ұйқыда сергек бол!
Істе шебер бол, тұйықта көсем бол!
Ойда мәнді бол, тойда сәнді бол!
Үлкенге тең бол, кішіге кең бол!
Ел үшін жауыр бол, жақсыға бауыр бол!
Достарың сүйінсін, дұшпаның күйінсін!
Құлқынға елікпе, мақтанға желікпе!
Әкенің тілегі
Ескен желдей жүйрік бол,
Қарағайдай сүйрік бол!
Өз ісіңе берік бол,
Ата - анаңа серік бол!
Үкідей үлпілдеп тұр,
Жорғадай бүлкілдеп жүр!
Шаршамай шарықтағын,
Ешқашан тарықпағын!
Жолың ашық болсын,
Алдың нәсіп болсын!
Достарың көбейсін:
Доссыз – кедейсің!
Кедергінің кесірі тимесін,
Жақсылық ісің күймесін!
Адымың алға ғана сүйресін.
Ата айтар бір тілек
Еліңе ырыс - құт орнасын,
Жеріңе тыныштық орнасын!
Өсек аянның құрбаны болма,
Озбырлардың шұлғауы болма!
Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын –
Жігіттің сұлтаны атанып,
Өнерің сегіз қырлы болсын!
Тағы да құттықтау, тілектер:
Ұстаз, мұғалім күні мерекесімен құттықтау тілек
1 желтоқсан тұңғыш президент күні құттықтау - тілектер
Тәуелсіздіктің 32 жылдығына арналған құттықтау, тілектер
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау
Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)
Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)
Досқа арналған өлең шумақтары
Туған күнге арналған тілектер
Туған күнге тілектер, құттықтаулар
Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар
- ramuk_b
- 18 маусым 2024
- 578744
- 0
- 100
Ілмек сөздер: тұсау кесер тойы тілек, тұсау кесер тойы
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтау
Ашылып ғасырдың бір ақ парағы, Өзіңе Қыдыр дарып, бақ қарады. Жаңа жыл берекелі жыл боп кірсін, Табысқа бастап сені асқаралы!...Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...Туған күнге тілек (аға, көке, тәте)
Ағатайым, арқа сүйер ақылшым, … астан асып бара жатырсың. Ортаймасын күлкі күнің ешқашан, Бақыт тілеп өмір таңын атырсын....Құттықтау - тілек: Туған күнге (Жолдас, дос, құрбы, жан дос)
Тілеймін бұл өмірде бақыт саған, Тілеймін асқақ ойлы, нұрлы арман. Тілеймін шын махаббат, адал достық, Тілеймін бұл өмірде сәтті қадам!!!...Туған күнге арналған тілектер
Тілегім көп сізге айтар тек жақсылық Жақсы тілек айтыла берер баршылық Туған күнде шаттанып бір қуанышқа Жасап қалып жасарыңыз бір жасқа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.