Сабақтың тақырыбы: Саяхат сабақ «Дәрумендер пайдасы»
Ашық сабақ мақсаты: Оқытудың озық технологияларын қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану.
5 сынып
Мақсаты:
1. Білімділік: дәремендердің пайдасы туралы білімдерін сабақта көрсете алу, тақырып бойынша қазақ тілінде тілдесе алуға үйрету.
2. Дамытушылық: сөздерді тәуелдей, жіктей, септей алу, сұрақ қойып, оған жауап бере алу дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік: дәрумендердің пайдасын білуге, алған білімдерін практикада қолдана алуға баулу.
Күтілетін нәтиже: дәрумендердің пайдасы туралы сөздерін дәлелді жеткізе алады, постер құрып, оны қорғай алады, саяхат сабағы негізінде берілген тапсырмаларды жүйелі орындай алады: тәуелдік, жіктік жалғаулары, жұмбақталған сөйлемдердің шешуін таба алады.
Топпен жұмыс ынтымақтастыққа, бір тапсырманы жұмылып істеуге, бір – бірінен үйренуге дағдыландырады, бірін - бірі тәрбиелейді, бәсекелестік пайда болады., өтілген тақырыптар бойынша нәтиже шығара алады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайд, таймер, саяхат желісімен тақтасы, ол тақтадағы тапсырмалы қалташалар, «Шаттық шеңбері» тренингіне арналған жабдық, «Ыстық орындық»
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сыныппен сәлемдесу.
2. Тіл дамыту кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйге әр оқушы жеке - жеке жасаған постерлерін мұғалімге тапсырады.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Ыстық орындық» арқылы оқушылар өтілген материалды пысықтайды
Барлық дәруемендер денсаулыққа пайдалы. Ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біз сендермен саяхат жасаймыз. Саяхат жасамас бұрын бүгінгі сабақтың эпиграфтарына назар аударайық. 5 минут.
Сабақтың эпиграфы:
1. Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі.
2. Дәрумендер адамның ағзасына пайдалы.
3. Денсаулықты сақтау адамға байланысты.
4. Денсаулық - ең үлкен байлық.
Ендеше біз сендермен денсаулығымызды нығайту үшін, саяхат жасаймыз. Саяхатымыздың бағыты мынадай -
1) «Дәрумендер елі».
2) «Пайдалы сусындар».
3) Алма бағы
4) «Шаттық шеңбері»
5) Саяжай
6) Азық - түлік дүкені.
Тақтадағы ілінген эпирграф сөздерін жеке - жеке оқушыларға таратып беру. Сол сөйлемдегі сөздер бойынша оқушылар топтарға бөлінеді.
Әр топтың тұсында А, В, С, Д дәрумендері ілулі тұрады.
1 - тапсырма. Әр топ «Дәрумендердің пайдасы» тақырыбына постер құрады.
6 минут.
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е деп аласың
А - сы қажет көзіңе.
В жүйкені тоғайтар.
С - дан микроп безінер
Д сүйекті нығайтар
Жетіспесе бірі оның
Ауырып сен қаларсың.
2 - тапсырма. Балалар, сендер жеміс - жидек, басқа да азық түліктердің адам ағзасына пайдалы екенін айтып бердіңдер. Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. «Пайдалы сусындар» әлеміндегі тапсырмаларды орындау. Тапсырмада жасырылған жұмбақ сөйлемдердің шешуін тауып, тақырып бойынша әңгімелеу.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғабит Мүсірепов атындағы «№1 Новоишим орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизат Ақмарал
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Дәрумендер пайдасы
- aiboll
- 3 ақпан 2016
- 8503
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дәрумендер пайдасы, қазақ тілі 5 сынып, ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
В дыбысы және әрпі
Мақсаты: 1. Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. «В» дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Сөйлеу тілі мен дыбыстарды ажырату...Құстар. 1-сынып
Сабақ негізделген мақсаты: • Құстар туралы түсінік беру • Құстардың түрлерін ажырата білуге үйрету. • Құстар пайдасы туралы ақпарат, мағлұмат беру....Адамға пайдалы сусындар
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін...Адамға пайдалы заттар
Денсаулық – зор байлық деген модульді жалғастыра отыра, «Адамға пайдалы заттар» тақырыбына байланысты мәлімет беру, ерекшеліктерін ұғындыру....Басты байлық -денсаулық
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының өзін - өзі тану мұғалімі Шарипбекова Айгуль Жунисалиевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.