Сайтқа кіру Тіркелу

Ақтан батыр

1812 жылы қыс айында Хиуа ханы Мұхаммедрақым (1806 - 1825 жж. хан болған) өзі бастап Сырдария мен Қуандария өзендерінің бойында қыстап жатқан бейбіт елге шабуыл жасайды.

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982)

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982)Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.

Хиуаз Доспанова

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46 - гвардиялық полкінің құрамында 300 - ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

Рақымжан Қошқарбаев

Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі баршаға аян. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне Қызыл Туды тікті.

Сабыр Рақымов

Рақымов Сабыр Омарұлы (1902 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкбел ауылында туған — 26. 3. 1945 жылы, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген) — әскери қайраткер, генерал - майор

Бақтыораз Бейсекбаев

Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне ұшағын арнайы бұрып құлаған Гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік.

Балуан Шолақ

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) (1864 – 1916) — қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

Сырым Датұлы

Сырым Датұлы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Сарыой ауылында дүниеге келген. 1783 – 1797 жылдары Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Райымбек батыр

Райымбек – батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1 - жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×