Сайтқа кіру Тіркелу

Ертөстік бізде қонақта

Атырау қаласы, Томарлы селосы,
«Шағала» балабақшасының мектепалды
даярлық топ тәрбиешісі Куанышева Г.Х.

Тақырыбы: Ертөстік бізде қонақта. (математикадан қорытынды сабақ)
Сабақтың мақсаты: балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.

Мемлекеттік рәміздер

Жамбыл облысы,Талас ауданы,
Қызыл-Әуіт ауылы "Балдәурен" бала-бақшасының
ән-саз пәнінің мұғалімі Алимов Жамбыл Әбдіманапұлы


Күні: 3 қыркүйек 2012 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекетті рәміздер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерімен таныстыру.Туды, Елтаңбаны және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Балаларға рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге рәміздерді бәрінен биік ұстауға, рәміздердің әр элементтерін, бөлшектерін атауларын жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. (Ту, Елтаңба және Гимн)
Сабақтың байланысы: Тіл дамыту.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлең жолдарын қайталату, рәміздерді сурет бойынша таныстыру, сұрақ-жауап т.б.

Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы

Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай селосы
«Балбөбек» балабақшасы МКҚК әдіскері
Айдана Сисенова Зайдоллаевна

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің зейінін, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту мақсатында балабақша тәрбиешілеріне ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету және оны өз тәжірибелерінде кеңінен қолдануға ықпал ету;

ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе.
Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары.
Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада жүзеге асыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды.

"Сөздер" патшалығына саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Білім беру cаласы: Қатынас
Тақырыбы: «Сөздер» патшалығына саяхат
Мақсаты: Сөз түрлері – синоним, омоним, антоним сөздер туралы жалпы түсінік беру (аттарын атамай); балалардың сөздік қорларын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету; дұрыс тыныс алуға, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру; достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтaар, көрнекіліктер: Интерактивті тақта (немесе үлкен экранды теледидар), үш түрлі ертегі бейнеленген слайд (1 үй, үй үстінен шеттері көрініп тұрған көп сөз белгілері; 1 сөз белгісі, екі-үш үй; қатар тұрған екі үй), үнтаспадан тыңдалатын дыбыстар: пойыз бен машинаның жүрген даусы.

«Алтын жұмыртқа»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы
Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы

Мақсаты: Балаларға үстел - үсті театры арқылы баяндап айту, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге,қабылдауға,сезінуге жетелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт,психологиялық тренинг,ой - қозғау, түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, ойын жаттығу.

«Машина жасау»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы
Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Құрастыру
Бөбектер тобы

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыра отырып, білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту, бауырмалдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Саусақ моторикаларын дамыту

«Әсем шарлар аспанда»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы
Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: Балалардың шар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету.Ақыл-ойларын, зейінін, танымдық қабілеттерін арттыру.Эстетикалық талғамдарын көтеру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, баланы әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: таңғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру.

«Үй құстары»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы
Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру

Мақсаты:Балаларға үй құстарының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту,үй құстарының қасиетіне қарай тануға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге,табиғат аясында өздерін еркін сезінуге ықпал ету.

«Не ұшады,секіреді, жүгіреді?»

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы
Өмірзақова Зибагүл Бөкембайқызы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған орта

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру, баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін, жанашырлығын арттыру, құстар, аңдар туралы түсініктерін одан әрі дамыту. Балалардың іскерлік қабілетін дамытып, олардың қоршаған ортадағы ерекшеліктерін танып-білуін, есте сақтау, ойлау және аңғарымдылық қабілетін дамыту.
Ұшатын, секіретін, құстар мен аңдарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Сөздерді анық айта білуге үйрету. Жан - жануарлар мен құстарды аялауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×