Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыра отырып, білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорын байыту, бауырмалдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Саусақ моторикаларын дамыту
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: көлік түрлері, құрастырмалы кубиктер, машина
Сөздік жұмыс: машина,дөңгелек, рулі
- Балалар қарайықшы, жоғарыда не тұр?
- Күн тұр.
- Күн бізге жылуын беріп жылытады, біз қуанамыз, қане біз қалай қуанамыз көрсетейікші.
- Алақай, алақай!
(Осы кезде топқа машина айдаған бала келіп кіреді)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсің бе, балақай, сенің атың кім?
- Менің атым Бекжан, мен өзімнің машинаммен ойнап жүрмін.
- Ой, қандай әдемі машина, балалар қараңдаршы Бекжанның машинасы үлкен екен, біздің топта машина бар ма, кім маған көрсетеді.
(Үлкен, кішіні салыстырту)
- Машинаның түсі сары, оның рулі, дөңгелектері бар екен. (Таныстыра отырып, балаларға қайталату)
- Бекжан саған машинаны кім алып берді?
- Мамам алып берді,мен жалғыз өзім ойнап жалығып кеттім, менің машинамда көптеген құрастырмалы пішіндер бар, балалармен бірге ойнасам бола ма?
- Әрине болады, балалар Бекжанмен бірге ойнаймыз ба?
- Ия, ойнаймыз.
- Ендеше бұл құрастырмалы пішіндерден машина жасайық.
Балаларға жасалу жолын көрсету, балалармен бірге жұмыс жасау, көмектесу.
Сергіту жаттығуы:
Бап, бап, бап дейді,
Жолдан былай кет дейді.
Күшікті басуға болмайды
Болмайды машина.
Бип, бип, бип дейді,
Жол шетінде күт дейді.
Көшеде асығыс жүруге
Болмайды, болмайды машина.
Балалар, машина бізді баратын жерімізге тез жеткізеді. Бірақ оның жағымсыз жері де бар, көшеде абай болмасақ, ол басып кетуі мүмкін.
Балалар, бізге көптеген ойыншық әкеліп ойнатқан Бекжанға рахмет айтайық.
- Рахмет, Бекжан! Сау бол!
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Машинамен танысып, қайталап айтады.
Меңгеруі: Пішіндерден машина құрастырып үйренеді
Жасай алуы: Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланады.
«Машина жасау»
- Klara
- 24 мам 2012
- 12507
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бөбектер, ойыншық, машина
Ұқсас жаңалықтар:
Көліктер
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін...Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету....Көңілді ойындар
«Күншуақ» тобына ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: «Таным» Тарауы: Сенсорика....Көше көліктері
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасы дефектологі Кушенова Балқия Орынбасарқызы...Тігін машинасының құрылысы
Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.