Мақсаты: Балалардың шар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету.Ақыл-ойларын, зейінін, танымдық қабілеттерін арттыру.Эстетикалық талғамдарын көтеру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, баланы әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: таңғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, көңіл-күйді көтеру.
Көрнекіліктері: күннің сурет, түрлі-түсті шарлар,ленталар,қолшатыр, гүлдер, доптар, желдеткіш.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ойын түрінде.
Балалар дөңгеленіп отырады. Топқа Карлсон (тәрбиеші) кіреді.
- Уһ, жерге әрең дегенде қондым ғой.ЖЖ-жж-жж-жж. Балалар, сәлеметсіздер ме! Мен Карлсонмын. Мен сендердей балалармен дос болғанды ұнатамын, ойнағанды жақсы көремін. Сендер сияқты тәтті жеймін, ойыншықпен ойнаймын.
(Әуен ойналып, қатты желдің даусы естіледі)
- Ой, балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар?
- Желдің дыбысын естіп тұрмыз.
(Осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді)
Карлсон: Мынау не нәрсе? Ішінде не бар? Бізге бұны кім әкелді? Өзі қапшық сияқты, бұл кімдікі ау-у.
(Әуен ойналып, желдің дыбысы шығады). Мен желмін. Мұны сендерге мен жібердім. Ішінде не бар екенін өздерің табыңдар. Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда, бұл қапшықтың ішінде не бар екенін білесіңдер.
Қағанақтай қабық,
Байқа, алма жарып.
Карлсон: Балалар, ол не болды екен, ұстап көрейікші, өзі жұмсақ екен, жарылып кететін не екенін білесіңдер ме?
- Ол шар ғой.
- Жарайсыңдар, желдің жасырған жұмбағы шар екен ғой. Балалар, осы шарды не үшін қолданамыз?
- Шармен ойнаймыз, мерекелерде топты әдемілейміз.
- Сендер, шар туралы тақпақ білесіңдер ме? (Балалар тақпақ айтады)
- Жарайсыңдар, енді «Түсін таны» ойынын ойнайық
Шарты: Балаларға әр түсті шарлар беріледі. Сол түске сәйкес затты табулары керек. (Балалар ойнайды)
Карлсон: Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы ойнадыңдар.
(Осы кезде топқа көптеген шарлар ұшып келеді).
Карлсон: Балалар,өз киімдеріңнің түсіне сәйкес, шарлардың жібін тауып ұстап алыңдар. Енді осы әсем шарларымызға арнап өлең айтайық.
Қызыл, сары, көк шар,
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқиды
Әніміз шалқиды
Қызыл,сары,көк шар
Қолымызда көп шар
Айдаймыз, күндейміз,
Ойнаймыз, күлеміз!
«Әсем шарлар аспанда»
- Klara
- 24 мам 2012
- 18339
- 0
- 0
Ілмек сөздер: карлсон, балалар, әсем шарлар
Ұқсас жаңалықтар:
Ойыншықтар
Тақырыбы: Ойыншықтар Мақсаты: Балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтардың атын, түсін және қандай...Сен білесің бе?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы ІІ - ші кіші топ тәрбиешісі Ниетбаева Г. А....Гүлдер әлемі
Алматы қаласы, 118 балабақшасының Тәрбиешісі Сабдикенова Райхан Тұрсынқызы...Бұл қай мезгілде болады?
Мақсаты: Білімділік: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту....«Пішіндер әлемі»
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.