Мақсаты:Балаларға үй құстарының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту,үй құстарының қасиетіне қарай тануға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге,табиғат аясында өздерін еркін сезінуге ықпал ету.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сипаттау, сергіту, ойын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат сабақ
Көрнекіліктері: тірі үй құстары, теледидар, бетперделер.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: құстар туралы тақпақтар жаттату.
- Балалар, бізге қонаққа көп апайлар келіпті. Бәріміз сәлемдесейік!
- Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
- Ия, ұнатамыз.
- Ендеше, мен сендерге «Тарғыл тауық» ертегісін айтып берейін.
Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың тарғыл тауығы болыпты. Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп, күтіп бағады.Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады сынбайды.Әжейде алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған алтын жұмыртқаны көріп қатты жылайды. Сонан кейін тарғыл тауық ақ жұмыртқа туады.Оған әжей мен атай қатты қуанады.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Әжей, атай, тауық, тышқан.
- Қандай тауық?
- Тарғыл тауық.
- Тарғыл тауық қандай жұмыртқалар туды?
- Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.
( Осы кезде шиқылдаған дыбыс естіледі)
- Балалар, естідіңдер ме, тыңдайықшы бұл ненің даусы? Қане бәріміз іздейік. (кішкентай балапан көрінеді)
- Балалар, мынау не?
- Бұл балапан.
- Ой, қандай сүйкімді балапан, бұған не болды, аяғын шығара алмай тұрған сияқты, қане көмектесіп жіберейік.Өзінің жүні жұмсақ екен.
- Балапанның түсі қандай?
- Түсі сары.
Ендеше бәріміз балапанмен бірге серуенге шығайық, анасы да табылып қалар. (Балалар шөптердің арасымен жүреді).
- Балалар, мына жерде жатқан не?
- Бұл жұмыртқа.
- Ия, балапанның анасы да осы жерде болуы мүмкін. Мына жерге жұмыртқасын тастап кетіпті.
- Апай, мынау не?
- Бұл тауық қора ғой, бұл жерде тауықтар мекендейді. Балалар әне, әже келе жатыр, содан сұрайық мүмкін сол кісі білер.
- Сәлеметсіз бе, әже! Біз мына кішкентай балапанның анасын іздеп жүрміз.
Әже: Ия, мен де осы балапанды іздеп жүр едім, рахмет, сендерге!
- Балалар, әженің қорасында үй құстары бар екен, көргілерің келе ме? Ендеше, бүгін біз үй құстарымен танысамыз. Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?
- Түсі қызыл.
- Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?
- Ку-ка-ре-ку.
- Балалар, сендер әтеш туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Ия, білеміз. (балалар тақпақ айтады)
- Ал, мына тауықты мекиен деп атаймыз, бұл да үй құсына жатады.Олар жем жеп, су ішеді. (Әже тауықтарға жем шашады)
- Балалар, мекиеннің түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Олар қалай дыбыстайды?
- Қыт-қыт-қыт.
- Тауықтар туралы қандай тақпақ білесіңдер? (Балалар тақпақ айтады)
- Жарайсыңдар, балалар! Қане бәріміз, құстарға ұқсап қимыл жасайықшы.(Сергіту жаттығуын жасап, орындарына келіп отырады)
Экраннан тағы да құстардың суреттері көрінеді. Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда үлкендеу болады, жұмыртқасы да үлкендеу болады.(салыстырту). Қаз туралы тақпақ айтайықшы.
Ал мынау-үйрек. Үйректің түсі ақ екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.Үйректің де жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.(Салыстыру).
Ойын: «Балапандар мен машина»
Шарты: Тәрбиеші тауық болады, ал балалар балапан болады.Балапандар жайылып жүреді де, алдарынан машина шыға келгенде, балапандар тауықтың қанатының астына келіп тығылады.
- Балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- Ия ұнады.
- Балалар, біз бүгін қандай үй құстарымен таныстық?
- Тауық, әтеш, қаз, үйректермен таныстық.
- Жарайсыңдар, қонақтарға сау болыңыздар дейік!
«Үй құстары»
- Klara
- 24 мам 2012
- 19629
- 0
- 0
Ілмек сөздер: балалар, құстар, балапандар, балабақша
Ұқсас жаңалықтар:
Үй құстары
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Ново – Покровка ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ. Шағын орталық тобының тәрбиешісі Нұрланбетова...Балапаным - балақаным
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балалар бақшасы Музыка жетекшісі: Марат Роза...Үй құстары
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы...Үй құстары
ШҚО, Семей қаласы Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...«Алтын жұмыртқа»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы Мақсаты: Балаларға үстел - үсті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.