Сайтқа кіру Тіркелу

Құтты болсын жаңа жыл!

«Құтты болсын Жаңа жыл!» ертеңгілігі
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
1 - жүргізуші: Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңа жылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді. Шыршаны айналып хор «Біз көңілді баламыз» қимылдармен іс - әрекет)
2 - жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: 1. Жаңа жыл! Жаңа жыл, жаңа жыл. Бақдәулет
Жаңа жылда - жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
2. Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
3. Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
2 - жүргізуші: Кел, балалар, келіңдер, Тамашаны көріңдер.
Тәрбиешіге әpi қосылып: Қала нұр, дала нұр Құтты болсын Жаңа жыл! «Жаңа жыл» әні орындалады (Бақдәулет, Аяла, Бейбарыс). 1 - жүргізуші: Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық - Қызық сырлар бар.
2 - жүргізуші: Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
- Сонымен, балалар Жаңа жылға арналған Ертегіні көріңдер Шын бағасын беріңдер. (Мерекелік музыка ойналады.)
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.
- Қоян: Амансыз ба, аю паң!
- Аю: Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып, сергідім.
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді. Аяла: Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!
- Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді. Сыйлығын ол береді. Жұмбақ шешкіш түлкінің, Өнерін жұрт көреді. Тауып өз сыңарымды. Тайсалмай, биге түcin, Тарқатам құмарымды.
- Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан! Жүрген жерің күлкілі ән! Аю, қоян, түлкі 6ipre билей, жөнеледі.
Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.
Мадина: Тиін: Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй! Өнершіл аңдар - ай. Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа жылға әнім бар. Қол ұстасып, биге басып, Жыл әніне салыңдар. Бәріңізге бip сәлем.
Бәpi: Сәлем, тиін! Жақсы - ақ биі! Бәpi қосылып, билейді
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
«Аңдар» биі биленеді.
1 - жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә. Жұмбақ: Ақсақалды ата жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына, Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/ 2 - жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады. Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны бip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі.
Мына шыршаньң кереметін - ай!
Үйге алып кетсем бе екен?
Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді.
2 - жүргізуші: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды). Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді:
- Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.
Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық! «Сағат» биі. (қыз балалардың орындауында)
4. Безендіріп шыршаны Азалия
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
5. Аппақ тонға оранып, Ж. Аида
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
6. Қалып едік сағынып, Бейбарыс
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
7. Аяз Ата ойды қырды Мадина
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
8. Қайда қызық болса думан, Диляра
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
«Біз шадыман баламыз» жырланады. Р. Аида, Мадина, Асылжан
Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кipгici келмейді.
- Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
- Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?
- Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
- Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың! Қарашы, біз тойға келдік! Кәне, балалармен амандасайық. Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан. Балалармен амандасады. (орнына отырады).
- Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. Ақшақар басын көтермей тұрады.
- Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
- Сол кезде Ақшақар жылап тұрып Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
- Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын - дейді.
- Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
2 - жүргізуші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді? Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды.
- Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған мына бір затын түcipiп алды, осы емес пе екен?
- Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық. Осы кезде «Аяз ата, Ақшақар» хоры орындалады. Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады.
«Шырша» биі
«Шыршаны безендіреміз» ойыны ойналады.
Құрметті Аяз ата және Ақшақар біздің балалардың Жаңа жылға арнап, жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
9. Жылдың әнін бастайын, Бексұлтан
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
10. Бақша іші мереке, Бектас
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
11. Жаңа жылды қарсы алдың, Асылжан
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
12. Оралдың өлкеме, Шахназ
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
13. Ақ қырауға малынған Олжас
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
14. Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерін арқалап
Аяз ата келіп тұр.
15. Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін
«Аяз Ата Ақшақар»- деген ойын ойналады.
- Аяз Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip қуантып, тастадыңдар.
- Тәрбиеші: Аяз Ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
- Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
- Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
- Аяз Ата: Иә, сол кілт шығар.
- Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан кемпір алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.
- Аяз Ата: Қап, әттеген - ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде залға Мыстан кіреді.)
– Мыстан: А - а, бәлем! Таптым, сандық мұнда тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)
- Аяз Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіn қалды.
- Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
- Аяз Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз - Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
- Мыстан: Әй, Аяз Ата! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен. – Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілтін?
- Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз Ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
- Мыстан: Жоқ, Аяз Ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, маған өлең айтып берсін.
«Аяз Ата» хоры орындалады.
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, Өлеңді жақсы айтады екенсіңдер.
Балалар мен сендермен дос болғым келеді. Енді шыршаны жұлмаймын.
Жаңа жылдарың құтты болсын. Кездескенше, сау болыңыздар. (деп шығып кетеді)
- Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар, сыйлықтарды сиқырлы кілтпен сандықшаны ашып, балаларға таратып береді. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
- Балалар: Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2017 - шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы "Жас - терек" бөбекжай - бақшасы
Сламжанова Торғын Тұрсынбекқызы, тәрбиеші
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Құтты болсын, Жаңа жыл!

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық...
Жаңа жыл мерекесі

Жаңа жыл мерекесі

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Келе жатқан жылқы жылы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер....
Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Жаңа жылдық сценарий 2024 жыл

Келді, міне, сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл қалама Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Кәне, кәне келіңіздер Би билеп ән салып беріңіздер!...
Қош келдің жаңа жыл!

Қош келдің жаңа жыл!

Тақырыбы: Қош келдің жаңа жыл! Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады....
Жасыл шырша жанында

Жасыл шырша жанында

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген зал іші тып - тыныш (балалардың барлығы шырша түбінде бұғып отырады)...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×