Сайтқа кіру Тіркелу

Имидж дегеніміз не?

Қазіргі уақытта қазақстандық «Oxford» деп білім алып жатқан ордам - Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп айтар едім. Неге десеңіз, 90 жылдан астам тарихты ілгерілеп келе жатқан университетіміз Орталық Азия кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнына айналды. Дүниежүзі елдерінің түкпір түкпірінен әртүрлі лекторлардың дәріс беруі, әртүрлі студенттердің қызығушылықпен білім алуының өзі бір дәлел.
Сонымен қатар, 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. Университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік - батыс политехникалық университетінің филиалын ашты. Бұл университетіміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесін көрсетеді.
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – көп саланы қамтитын мамандарды даярлау бойынша үлкен жұмыс жасайды. Соның ішінде қазіргі замандағы орны айрықша, жетекші мамандықтардың бірі – психология да оқытылады.

Психология – қоғамда өзіндік орны бар, адам өмірінде маңызды рөл атқаратын сала болып табылады. Психологияны білу және ұғыну адам өмірін біршама жеңілдетіп, оны одан сайын түрлендіре түседі. Сонымен қатар, бұл сала ең алдымен өз - өзімізді танып - білуге, қоғамдағы өз орнымызды, өз имиджімізді қалыптастыруда атқаратын қызметі орасан зор. Осы тақырып аясында психология курсында Тленчиева Нұржамал оқытушымызбен кең көлемді жұмыстар жүргізіп, студенттер арасында үлкен талқыға түскен ең қызықты сабақтардың бірі болды. Соның негізінде, имидж - өнер ретiнде мақсатты
түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе
адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп көрсету деп анықтама бердік. Қысқаша айтқанда, ол ұлғайтқыш әйнек сияқты. Адамның дербес және іскер
қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым - қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс
орнында жағымды жағдай жасауға, өзің туралы жағымды ойлар қалыптастыруға болады.
Ф. Джевкинз имидждің келесі түрлерін бөліп, белгілеген болатын:
- айналы – өзіміз туралы пікірге сай имидж,
- ағымдағы - сырт көзге тән имидж түрі,
- қалаулы – ұмтылатын имидж түрі,
- корпоративті – біртұтас мекеме имиджі.
Имиджедегі ең маңызды нәрсе «Мен» бейнесінің қалыптасуы. Ол адамның өзіне бағытталған шынайы пікірі, сырт келбетіндегі өзгерістерін қалыптастыруға. қабылдауға оңай түсінуге көмектесетін бейне. Адамның «Мен» бейнесі оның «өз - өзіне» бағытталған бағдарлар жиынтығы. «Мен» бейнесінің 3 компонентіне тоқталсақ, олар:
когнитивті (өзі туралы пікір, ойлар), эмоциялық (өзіне эмоциялық баға беру, жағымды/жағымсыз)
іс - әрекеттік (өз - өзіне бағытталған іс - әрекеттік реакциялар).
Біз ол имиджді қалай қалыптастырамыз?
Кез - келген адам туралы ой оның сырт келбетін көргендегі алғашқы 30 секундында қалыптасады. Өзін - өзі күтуі, киіну стильі, және т. б. Яғни сырт келбетінің жағдай пен уақытқа сай қалыптасуы үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, кинестетикалық имидж, яғни жүріс - тұрысы да алғашқы ойларға әсер етеді.
Келесі ол адаммен сөйлескенде оның тіл байлығына, сөз саптауына, дауыс ырғағына қарай бағаланатын имидж - вербалды имидж болып табылады. Сол себепті әрбір сөз әрқашан сенімді, мазмұнды және ой толғатарлық болуы қажет. Келесі бағалау ым - ишара имиджі. Яғни, күлкі (жымию), қабақ түю, байсалдылық таныту. Әр
адам нақты бір эмоция білдірген кезде, өзінің түр келбетінің қалай өзгеретінін жақсы танып білуі қажет. Және тағы бір толықтай имидждің қалыптасуына қазіргі таңдағы актуалды нәрсе материалдық жағдай әсер етеді.
Қорытындылай келе, имидж психологиядағы ең ауқымды, маңызды тақырыптардың бірі деп түсінемін. Өз - өзіңді толық танып, өзің туралы позитивті ойлар қалыптастырғанда ғана сен қоғамдағы өз рөліңді айқындай аласың деп ойлаймын. Дұрыс имиджді қалыптастыру арқылы кез келген ортада сыйлы болып, аса құрметке ие боласың. Осы психология курсының арқасында жарты жылда жаңа дағдыларды, жаңа психологиялық ілімдерді қалыптастыруға мүмкіндік берген ҚазҰУ - не алғысым шексіз!

Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Жусупекова Ә. Ж.
Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.
Аскарова Мариэтта
Көлік қызметтері 1 курс студенті.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мақсатқа жете алмаймын неге?

Мақсатқа жете алмаймын неге?

Университеттің 90 - жылдық аса бай тарихы Қазақстанның академиялық ғылымы мен жоғары мектебінің дамуы және қалыптасуымен тығыз байланысты....
Тұлғаның мотивациялық сферасы

Тұлғаның мотивациялық сферасы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – дәстүрге бай, оқу - ғылыми қызметте көп жылдық тәжірибесі бар университет....
ҚазҰУ университеті: Психологиялық білім

ҚазҰУ университеті: Психологиялық білім

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жай ғана оқу орны емес, ол Қазақстанның білімінің, тарихи мұрасының және интеллектуалды дамуының символы....
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы “Психология” пәні, білім бағдарламасы

Кәсіби қызметтегі сәттіліктің бірі - университет пен мамандықты дұрыс таңдау. Сондықтан, алға қойылған мақсатқа алғашқы және маңызды қадам ретінде...
Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі

Әлеуметтік интеллект - адам тұлғасының құрамдас бөлігі

Бұл университеттің студенттері мен оқытушыларына халықаралық конференцияларға қатысуға, тағылымдамадан өтуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×