
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебі 10 жылдан астам уақыт бойы оқушыларға арналған «Жас әл - Фараби» республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясын өткізіп келеді. Жыл сайын конференцияға Қазақстанның әр өңірінен оқушылар қатысып, ғылымға деген қызығушылықтарын арттырып келеді.
Ғылыми конференция алғаш рет 2013 жылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқушыларына арналған мектепішілік конференция ретінде өткізілді. Араға 10 жыл салып, республикалық ауқымда өткізілді. Өткен жылы (2023 жылдың 18 ақпанында) конференция оффлайн форматта өтіп, Бейіндік мектептің 10 жылдығына арналды. Конференцияға еліміздің түкпір - түкпірінен 9 - 11 сынып оқушылары қатысты. Конференцияның ашылуы ҚазҰУ бас кітапханасында конференция өтті.
Мерейтойға байланысты конференцияға құрметті қонақтар мен бейіндік мектептің дамуына үлес қосқан ұстаздар шақырылып, алғыс хаттармен марапатталды. Биылғы жылы (17. 02. 2024) конференция онлайн режимінде өтті және университеттің 90 жылдығына арналды. Былтыр 500 - ге жуық оқушы қатысуға өтініш білдірсе, биыл олардың саны 700 - ге жетті. Былтыр 9 секция болса, биыл 11 секцияға дейін артты.
Жыл сайын конференцияға әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың келесі факультеттері мен кафедралары қолдау көрсетіп келеді: ректорат, ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті, биология және биотехнология факультеті, физика - технология факультеті, география және табиғатты пайдалану факультеті, ақпараттық технологиялар факультеті, филология факультеті, философия және саясаттану факультеті, механика - математика факультеті, тарих факультеті, химия және химиялық технология факультеті, ҚазҰУ бас кітапханасы, «Қазақ университеті» баспасының басқармасы.
Үздік жұмыстардың авторлары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталса, басқа қатысушылар грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар жыл сайын конференция материалдарының жинағы шығарылады.
Қорытындылай келе, «Жас әл - Фараби» республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өте жоғары деңгейде өтіп жатыр деп айта аламыз. Қонақтар мен қатысушылардың барлығы ұйымдастырушыларға әрқашан ризалығын білдіреді. Қонақтар мен қазылар алқасының мүшелері ғалымдарға арналған ғылыми конференцияларда да іс - шараның мұндай ауқымды түрде өткізілмейтінін атап өтеді. Жалпы «Жас әл - Фараби» республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясы оқушыларға арналған керемет бір ғылыми іс - шара деп есептесек қателеспейміз.
Б. Искаков., А. Ермагулова
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінің оқытушылары