Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Елес жайлы естелік

Төрағасы жайғасты төрге барып,
Бос орын жоқ.
Зал іші көмбе-халық.
Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,
Аракүдік тамағын кенеп алып...
Бір бұрышқа отырдым мен де барып.
Жұрт мақтауда.
Мақтаусыз сөз болмады.
Нелер шешен тайпалтты-ау сөз жорғаны.
Ақ шырағдан астында - төрағасы,
Төрағасы - Әуезов, қозғалмады...
Еңбегімен, есімен бақты жанған -
Айналасы Мұхаңның ақ шырағдан.
...Төрағаның аузына қарайды жұрт,
Қалт жібермей айтқанын қақшып алмақ.
Құттықтаулар, мақтаулар тынды-дағы,
Залдың іші бір сәтке тұнжырады...
Төрағасы сатылап сөйлеп кетті,
Сәл ырғалып орнынан тұрды-дағы.
Есімде жоқ. Мұхаңның не дегені,
(Жаңылып, жалған айтып не керегі.)
...Алдымда «Абайдағы» Абай тұрды
Әуезов жасап берген кемедегі...
Әрі қарай өкетті елес мені,
Шырақ сөнді...
Белгісіз неге өшкені?!
(Мұхаң маған алыстан елестеді...)
Сұрағым...
Сұрағым бар емес пе еді?
Шырақ қайда?!
Жаңағы жарық қайда!?
Кимелеп ұмтылады халың қайда?!
Шынымен Әуезовке маңытпай ма?!
Мына ағын бара жатыр алып қайда?!..
(Қалқиып, қарауылдап тұрамын ба?)
Мен-дағы қарсы жүздім бұл ағынға.
Толқыннан кеудемді алып,
Айғай салдым:
- О, Мұха!
Сұрағым бар! Сұрағым бар!..
Алыстан айғайлап мен қоймағасын,
Аялдап, андап, шолып айналасын.
Ағынмен арпалысқан мені көріп:
- Айт,- деді - сұрағыңды,
Қай баласың?..
Сұрақ та, жауап та мен қайтармадым,
Тымқұрса атымды да айта алмадым...
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету