Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Есіңе мені алғайсың... (сыныптан тыс жұмыс)

ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ....
(әдеби - сазды кеш)

МАҚСАТЫ:
Білімділік: оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру;
Дамытушылық: М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру;
Тәрбиелік: ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу.

Жүргізуші:
Әлем - дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар!- деп жырлап өткен ақын Мұқағали 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталған еді.

«Менің анкетам»өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.

Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз.
Дәрігер: Туған жеріңіз?
Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Дәрігер: Туған жылыңыз?
Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Дәрігер: Шыққан тегіңіз?
Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Дәрігер: Білімің ше?
Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.
Дәрігер: Ана тілің?
Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
Дәрігер: Қайда істейсің?
Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.
Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?
Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.
Дәрігер: Шет елдерде болдың ба?
Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ.
Дәрігер: Мекен - жайың?
Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін.
Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек.
Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің.
Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.)
Жүргізуші: «Мені сөзге, жырға үйір еткен, халықты сүюге тәрбиелеген - әжем,»- дейді ақын.
- Ендеше, Мұқағали кім? (слайд көрсетіледі)
1 - слайд
2 - слайд
Бірнеше өлеңдері оқылады.
«Халқым барда» - 6 - сынып оқушысы Ахат Гауһар
«Бәрібір сенің ұлыңмын»- Хайролла Амандық
«Қайран, қарасазым - ай» - Забихолла Бекжан

Жүргізуші: «Мұқағали поэзиясы - таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия.»(Ф. Оңғарсынова)
Ә. Тінәлиевтің «Фаризаға»әні орындалады.

Жүргізуші:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.

«Елім барда» - Аққалықова Әзиза
«Үш бақытым» - Еркін Нұрсұлтан
«Отан» - Елубай Ақжол
«Бақыт деген» өлеңі әнімен орындалады.

Жүргізуші: Ана - өмір сыйлаушы, бала бағбаншысы. Арулар - асыл жандар, ер азамат тағдырының иегерлері, тәрбиешісі. Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі - жырдың арқауы.

«Қуанышыңмен», «Арулар - асыл жандар» әндері орындалады.

Жүргізуші: Сәбиге деген мейірім. Әкелік махаббат, оның қайғы - мұңсыз өсуі, ұйқысы бұзылмауы үшін қам - қарекет. Есті баланың ата ақылын шығындамайтындығы, ақылды, парасатты боп өсетіндігі, үлкен алдындағы инабаты, ізет пен құрметті сақтайтындығы келесі тыңдалатын өлең мен әннен көрінеді.

«Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» өлеңі оқылып, «Әке»әні орындалады.

Жүргізуші: Ақын күнделігінен үзінді:
- Сүйікті балаларым менің!- дейді ақын өз күнделігінде,- Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар, өмір барда жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды...
Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болыңдар! Әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені...

«Мектебіме» - Камелова Арухан
«арманда ұлым» - Шернияз Мирас
«Сәби болғым келеді» әні орындалады.

Жүргізуші:
«Болмасын соғыс, болмасын!» - Ақбисенова Перизат
«Көгершіндер әні» хормен орындалады.

Жүргізуші:
Ойлаңдар, достар!
Өнерде жарыс болмайды!
Өресі жетпей,
Күндестік қылған оңбайды.
Өнерің жетіп,
Өсе алмай қалсаң сол қайғы...
Күнде таласқан
Өнерің өнер болмайды!
«Қызық өмір» - Сартай Шапағат
«Көнеміз де» әні бейнебаянымен көрсетіледі.

Жүргізуші:
Аттанып бара жатыр аққу - қаздар,
Қош енді, қош болыңдар гәкку - наздар!
Кеудемде күңіренген дастан қалды,
Киелі қанатымен аққу жазған.

«Аққулар ұйықтағанда» - Тапалова Күнсұлу

Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

«Жазылар естеліктер мен туралы» - Ақбисенова Жанаргүл
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

Жүргізуші:
Бабаларым,
Рахмат сендерген!
Балаларым болмасын деп көркеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым, рахмет сендерге!

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын,
Қорқытыңның қорқынышты мұң - зарын,
Қобызыңның шашағынан тыңдадым.
Менің мына қайта туған күнімде,
Сөйле, оркестр, дүрілде бір дүрілде!
Сөйле, Моцарт, менің ана тілімде,
Сөйле, Данте, менің ана тілімде.

«Сарыарқа»күйі орындалады.

Жүргізуші:
Лай су шаймайтын арым бар,
Дауылдан қорықпас жаным бар,- деп өткен Мұқағали халқын сүйді, халық ақынды сүйді.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету