Шетелдіктерге ұлттық ойындар таныстырылды
Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі – Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік азаматтар қазақ және орыс тілдерін меңгереді. Шетелдік тыңдаушылармен жұмыс жүргізетін Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары тіл үйретумен қатар, тәрбиелік мәні зор түрлі мәдени - танымдық іс - шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.
Мұндай іс - шаралар тіл үйренушілердің өздері білім алып жатқан елдің мәдениетімен, рухани құндылықтарымен тереңірек танысуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы кезекті іс - шараны «Денсаулық» спорт - сауықтыру клубының жетекшісі Г. Ә. Машинбаева және «Қазақша үйренейік» клубының жетекшісі Р. И. Дүйсенбаева ұйымдастырды. Шара барысында шетелдік тыңдаушыларға қазақ халқының ұлттық ойындары кеңінен таныстырылды.
Іс - шараға қазақ тілін меңгеріп жүрген Жапония, Түркия және Корея елдерінен келген студенттер қатысты. Тыңдаушыларға ұлттық ойындардың түрлері слайд арқылы көрсетіліп, олардың шығу тарихы мен ерекшеліктері түсіндірілді.
Алғаш болып сөз алған аға оқытушы Г. Ә. Машинбаева қазақ халқының тұрмыстық және жастар арасында ойналатын ойындарына тоқталды. Атап айтқанда, бүгінде қайта жаңғырып келе жатқан «Орамал тастамақ», «Бес тас» сияқты ойындар, сондай - ақ далада ойналатын «Асық», «Ақ сүйек» ойындары және логикалық ойлауды қажет ететін «Тоғызқұмалақ» туралы жан - жақты мәлімет берілді.
Бұл іс - шараның екінші бөлігінде Р. И. Дүйсенбаева қазақтың ат үстінде ойналатын ұлттық ойындарын таныстырды. Мұндай ойындар жігіттерден ептілік пен батылдықты, күш пен шеберлікті талап ететіні атап өтілді. «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Көкпар», «Теңге ілу» ойындары арқылы қазақ халқының жылқы малына деген ерекше құрметі мен сүйіспеншілігі көрсетілді. Сонымен қатар «Ер қанаты – ат», «Адам үйреніскенше, жылқы кісінескенше» секілді мақал - мәтелдер арқылы ұлттық дүниетанымның тілдік көріністері талданды.
Шара барысында қазақ халқының ойын - сауықтары мен мерекелік дәстүрлері де сөз болды. Әсіресе жастар арасында кең тараған «Алтыбақан» ойынының ерекшелігі, оның айлы кештерде өткізілетіні және ән - күймен сүйемелденетіні тыңдаушылардың қызығушылығын арттырды. Сондай - ақ «Ақ сүйек» ойынының түнгі уақытта ойналатыны және оның өзіндік әлеуметтік - мәдени мәні бар екендігі айтылды.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Г.. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Шетелдіктерге ұлттық ойындар таныстырылды
- ramuk_b
- 15 сәуір 2026
- 24
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шетелдіктер, ұлттық ойындар, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұқсас жаңалықтар:

Ұлттық ойындар туралы ұнамды шара
Еліміздегі іргелі оқу орны Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде жыл сайын шетелдік азаматтар келіп, қазақ және орыс...
Шетелдіктерге ұлттық ойындары таныстырылды
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың ЖОО дейінгі білім беру факультетінде пәнінің оқытушылар Г. Машинбаева, М. Ешимов, Р. Дүйсенбаева, Г. Мұсаева бірлесе...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Алғыс айту күні» мерекесінің маңызы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.