Мейірім мекені – «Шапағат»
Адамзаттың ұлы ақыны Абайдың қара сөздерінің он төртінші қара сөзінде: “Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірмандылық, және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді” – деп жазылғандай жабырқағанның жанынан табылып, әлсізді демеу ұлттық болмысымызға тән қасиет болса, екінші жағынан әр адамның азаматтық парызы. Қайырымдылықты, мейірімділікті тәрбиенің басты қағидаты санайтын бабалар өнегесі уақыт өтіп, жылдар жылыстағанымен өзектілігін жоғалтпай, қайта өмірлік ұстанымына айналдырған ұрпақпыз Тәуелсіз елдің бейбіт аспанында өмір сүріп жатқан әр адам үшін қайырымдылық ұғымының мәні тіпті зор.
Жыл тоғысында, яғни 24. 12. 2025 жылы, жаңа жыл қарсаңында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласындағы КММ «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3 - бөліміне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – осы орталықтағы ерекше балаларға мерекелік көңіл күй, қуаныш, үміт сыйлау еді.
Қай кезеңде де, қай елде болмасын ұрпақ тәрбиесі – бағдарлы болашақтың бастауы. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың бай рухани өлшемі мен өресі де осы бала денсаулығында, бала тәрбиесінде жатыр. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға кіріктіріп, ортаға бейімдеуді ұстаным қылған “Шапағат” орталығы ерекше балаларға жаңа өмір сыйлаған, нағыз мейірім мен қамқорлықтың мекені екені белгілі.
Акция барысында кафедра ұжымы орталықтағы 35 балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, мекеме қызметкерлерімен өзара пікір алмасты. Факультет деканы Алмас Әуелбекұлы Бектанов балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп отырған қамқорлық пен жанашырлық үшін орталық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Бұл күні балғындар бір сәтке болса да көңілдері қуанышқа толып, мейірімді жандардың жүрек жылуын сезінді.
Жандары ерекше жаралған балаларға қуаныш сыйлау, олардың сөзбен жеткізе алмаса да, көз жанарымен білдірген шынайы сезімі мен риясыз күлкісін көру – жүрекке жылу сыйлайтын, ұмытылмас әсерге толы сәт болды.
Хакім Абай атамыз” Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді” дегендей игі істердің қолдаушысы ерекше балаларға үміт оты мен қуаныш сыйлаған, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып отырған ұжымды басқарып отырған орталық басшысы Кенжебекова Үміт Дүйсенбайқызы кафедра ұжымына, факультет деканы Алмас Әуелбекұлы Бектановқа алғысын білдірді. Ерекше балалар әлемін тереңірек танып, өмірлік тәжірибемізге мейірімнің дәндерін қондыру - біздің жұмысымыздың мәні. “Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без”,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап кісілікті ту етіп, әлемі де өздері де ерекше балаларды қуанышқа бөлеп, жылы лебіздеріңізді аямай, қолдан келген жәрдемдеріңізді алып, достық пейілдеріңізді танытуға келгендерізге, жаңа жылда жүректерге жылу сыйлағандарыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін - деп тебірене алғысын айтты. Қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады» - деп, айтса керек.... Осы ретте баршамыз бір болып, жақсылық жасау арқылы адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауға талпынарымыз анық. Ендеше, осындай игі істеріміз көп бола берсін!
Дүйсенбаева Р., Мұсаева Г.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасы.
Мейірім мекені – «Шапағат»
- ramuk_b
- 25 желтоқсан 2025
- 9
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жабырқағанның жанынан табылып, әлсізді демеу, ұлттық болмысымыз
Ұқсас жаңалықтар:

Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
1 наурыз алғыс айту күніне арналған құттықтаулар
Бұл күн – бір - бірімізге алғыс айтып, жүректегі жылы сезімімізді білдіретін ерекше мереке. Әрқайсыңызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін....
Кафедра ұжымы Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау – адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір - біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік таныту арқылы...
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...
Мектепішілік шара «Жақсылық жасауға асығайық»
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы Б. Жұмалиев орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тажмаганбетова Агилен Бишеқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.