«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы кураторлық сағат
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің әртүрлі елдерінен келген шетелдік студенттер білім алуда. Осы кафедрада куратор - эдвайзерлер К. С. Якубаева, М. П. Ешимов, Г. А. Машинбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс - шара өткізіп, 16 желтоқсанда жыл сайын осы мемлекеттік мерекенің атап өтілетінін түсіндірді.
Шетелдік студенттер оқытушылар дайындап келген презентациямен танысып, мерекенің тарихы мен маңызы, Тәуелсіз Қазақстан өміріндегі маңызды оқиғалар туралы мәлімет алды. Тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам – Мемлекеттік егемендік туралы Декларация болды. Қазақстан бұл құжатты 1990 жылғы 25 қазанда қабылдады. Тәуелсіздік жолындағы келесі маңызды кезең – 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық Президент сайлауы. Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстанның халықаралық деңгейде мойындалуы да маңызды оқиға болды.
1992 жылғы қаңтар айында Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің отыздан астам мемлекеті, соның ішінде АҚШ, Қытай, Түркия, Иран, Канада және басқа да елдер мойындады.
Студенттер 1992 жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран қабылданғанын, Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілгенін білді. Қазіргі таңда Қазақстанда 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған екінші Конституция қолданыста. 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы студенттер білім алып жатқан Алматы қаласы болды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
К. С. Якубаева, Г. Ә. Машинбаева
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы кураторлық сағат
- ramuk_b
- 20 желтоқсан 2025
- 17
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кураторлық сағат, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Ұқсас жаңалықтар:

Мерекеге қарсы өткен тәрбиелік іс - шара
Республика күні – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік мерекесі. Ол жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді және елдің тәуелсіздікке қарай жасаған...
Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты тәрбиелік іс - шарасы өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.