«Жаныма жақын 40 кітап» атты кураторлық сағат
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында рухани бағыттағы мазмұнды іс - шара – «Жаныма жақын 40 кітап» атты кураторлық сағат өткізілді. Бұл шара «40 жыл – 40 кітап» марафоны аясында ұйымдастырылып, тыңдаушылардың жан дүниесін байытып, жүрек түкпіріндегі әдеби лүпілдерін жарыққа шығаруға жол ашты.
Іс - шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, әдебиет арқылы рухани - мәдени ой - өрісін кеңейту, тіл байлығы мен көркем ойлау қабілетін дамыту, сондай - ақ кітаптың өмірдегі орны мен маңызын терең сезіндіру болды.
Кураторлық сағат барысында тыңдаушыларға ең маңызды деген 40 кітаптың тізімі берілген бейне ролик көрсетіліп, өз жүрегіне жақын, өмірлік бағыт берген кітаптармен таныстырып, әр туындыдан алған әсерімен бөлісті. Бірі балалық шақтағы таныс ертегі әлемін еске түсірсе, енді бірі тағдырлы романдар арқылы өмірдің терең мәнін ашты. Тыңдаушылар сүйікті шығармалары туралы қысқаша баяндама жасап, ең әсерлі тұстарынан үзінділер оқыды. Бұл сәттер жан тебірентерлік ойлар мен шынайы әсерлерге толы болды.
Кітап – адам жанының шамшырағы, ой мен рухтың азығы. Ол – үнсіз ғана тәрбие беретін ұстаз, жалықпай сыр бөлісетін дос, өмір жолындағы бағыт - бағдар. Әр кітаптың ішінде бір әлем бар: бірі – сабырға үйретсе, бірі – арманға жетелейді, бірі – жаныңды жұбатып, жүрекке үміт ұялатады.
Дана халқымыз айтқандай: «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы». Кітап оқыған адам – тек ақпарат емес, мәдениет пен рухани кемелдікке жетеді, өзіне, қоғамға, әлемге жаңаша көзқараспен қарайды.
Бұл кураторлық сағаттың тәрбиелік мәні терең болды. Әдеби орта қалыптастырып, тыңдаушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтты. Олардың бойындағы кітапқа деген ықылас артып, рухани құндылықтарға бетбұрыс жасалды.
«Жаныма жақын 40 кітап» – бұл жай ғана марафон емес, бұл жүректерді табыстырған рухани көпір, ойды оятқан әдеби тербеліс, болашаққа бастар жарық сәуле.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
аға оқытушысы С. Р. Нұртілеуова
«Жаныма жақын 40 кітап» атты кураторлық сағат
- ramuk_b
- 17 желтоқсан 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кураторлық сағат, Жаныма жақын 40 кітап, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:

Тарихы терең Түркістан
Қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи - мәдени білімдерін көтеру және ой - танымын...
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....
14 ақпан – Кітап сыйлау күні
Әлемде ерекше күндер көп, бірақ солардың ішінде рухани байлық пен білімнің қайнар көзі саналатын кітапқа арналған күн – 14 ақпан Халықаралық кітап...
Кітап асыл қазына
Кітап – адамның жан - дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі....
Жақсылық жасау - игі іс
Жақсылық жасау дегеніміз біреуге көрсеткен көмегің, қамқорлығың. - Жақсы істер жасап қуатсаң, көңілің қуанышқа бөленіп, бақытты боласың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.