Сайтқа кіру Тіркелу

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да тілдерді оқыту

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да тілдерді оқыту

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындары арасында ежелден - ақ үлкен беделге ие. Университет құрылғалы бері университет көптеген сынақтардан, қиындықтар мен күрделі кезеңдерден өтті. Тарихи бетбұрыстардың барлығы елмен бірге еңсерілді. Бұл жетістіктердің үлкен үлесі университеттің жоғары білікті профессор - оқытушылар құрамына тиесілі. Дәл осы өз университетіне адал еңбек етіп жүрген ұстаздардың арқасында әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың заманауи келбеті қалыптасты, онда оқу барлық уақытта да беделді болды.
Университетіміздің даңқы әлемнің түкпір - түкпіріне кеңінен тараған. Бұған жыл сайын шетелдік студенттердің санының артуы дәлел. Олар бізде оқуды армандап, Қазақстанға әлемнің әртүрлі елдері мен қалаларынан келеді. Студенттік ортада бүкіл әлем картасы ұсынылған десек болады. Шетелдік студенттер университеттің барлық факультеттерінде ғылымның негіздерін қызығушылықпен меңгереді. Алайда оларды әсіресе жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқытылатын орыс және қазақ тілдерін үйрену ерекше қызықтырады.
Шетелдік азаматтарды шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын құрылған. Осы жылдар ішінде мыңдаған шетелдік студенттер кафедрада білім алып, бүгінде өз ұстаздарын, кафедраны, факультетті және университетті зор ризашылықпен еске алады. Мұны оқытушылар нақты біледі, өйткені бұрынғы студенттеріміз факультетпен үнемі байланыста: олар ұстаздарын мерекелермен құттықтап хат жазады, Алматыға келгенде міндетті түрде сүйікті оқытушыларына соғып, өмір жолдары туралы әңгімелеседі. Ал қазір сол түлектер өз балаларына да әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да жоғары білім алуға мүмкіндік жасап жүр. Міне, осылайша ұрпақтар сабақтастығы мен университетке деген шынайы сүйіспеншілік жалғасып келеді.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Р. С. Туребекова, Л. Қ. Мамытбекова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы: құрылу тарихы және пайдалану ережел ...

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының шетелдік студенттері ҚазҰУ...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...

"Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"

Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×