Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қарсаңында
Жақында еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнін атап өтетін боламыз. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары ешқашан жан - жаққа қарамай, оқиғалардың дәл ортасында болады. Биыл да шетелдікердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор - эдвайзерлері өз шетелдік студенттеріне ел тарихымен таныстыру және ағартушылық жұмыстарын белсенді жүргізуде. Бұл өте маңызды, себебі факультетте әр жылы әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де оқитын шетелдік студенттердің құрамы жаңарады. Қыркүйек айында Қазақстан, қазақ дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары, біздің қаламыз бен еліміздегі халықтың менталитет ерекшеліктері туралы ештеңе білмейтін студенттер келеді. Ал педагогтердің міндеті – студенттерді елдің тарихымен, географиясымен, тілмен және осы аймақтың көрнекті жерлерімен таныстыруболып табылады.
Оңтүстік астанада суық күндер әлі басталмағандықтан, куратор - эдвайзерлер университеттен тыс жерлерге серуендеп, шетелдік студенттерге қаланы көрсетуге тырысады, олардың көшелері мен алаңдарындағы керемет ескерткіштерді көрсету арқылы шетелдік жастарға қазақ халқының ерлігі, батырлардың ерлік істері және ел тарихындағы маңызды оқиғалар туралы көп қызықты және танымды ақпарат беруге болады.
Шетелдік студенттерге Қазақстанда мерекелерді қалай атап өтетінін, қандай ережелер бар екенін, көшеде қалай жүру керегін, қандай шектеулерді сақтау қажет екенін білу өте маңызды. Мұны оқытушылар шетелдік студенттерге түсіндіріп, қандай да бір жағымсыз жағдайлардың алдын алады. Қиындыққа қарамастан, жақындап келе жатқан емтихан сессиясына және емтихан алдындағы уайымға қарамастан, біздің шетелдік тыңдаушылар мерекелік күндерді күтіп отыр – барлығының көңіл - күйі тамаша!
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Р. С. Туребекова, Л. Қ. Мамытбекова
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қарсаңында
- ramuk_b
- 11 желтоқсан 2025
- 10
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік күні, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ұқсас жаңалықтар:

Өзге елдердегі студенттер күні
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында әлемнің түрлі...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» атты тәрбиелік іс - шара өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.