Сайтқа кіру Тіркелу

Бейжің киносы апталығына қатысу

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдіктердің тілдік тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасындағы аудиториядан тыс жұмыс: Бейжің киносы апталығына қатысу

Аудиториядан тыс жұмыс әл - Фараби атындағы шетелдіктердің тілдік тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Кафедра оқытушылары оқу сабақтарымен қатар, шетелдік студенттердің бейімделуіне, олардың мәдени көкжиегін кеңейтуге және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түрлі іс - шаралар ұйымдастырады. Күзгі семестрдің маңызды оқиғаларының бірі кафедраның қытайлық студенттерінің 25 - 30 қараша күндері Алматыда өткен Бейжің киносы апталығы аясындағы іс - шараларға қатысуы болды.
Бейжің киносы апталығы – Пекин халықаралық кинофестивалі аясында Бейжің қаласының кинематография бюросы ұйымдастырған халықаралық деңгейдегі мәдени іс - шара. Бағдарламаға «Арман» кинотеатрындағы қытай көркем фильмдерінің тегін көрсетілімдері, заманауи қытай кинематографиясы туралы презентация, сондай - ақ Қытайдан келген режиссёрлермен сұрақ - жауап сессиясы кірді.
Кафедра студенттері іс - шараның салтанатты ашылуына қатысты. Ашылу барысында көрермендерді ҚХР - дың Алматыдағы Бас консулының міндетін атқарушы мырза Лүй И, ресми делегация өкілдері және белгілі қазақ режиссері Ермек Шинарбаев құттықтады.
Студенттер фестиваль аясында ұсынылған бірнеше фильмді тамашалап, қытай киноөндірісіндегі жаңа тенденциялармен танысуға, сондай - ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасудың маңызын терең сезінуге мүмкіндік алды.
Осындай шаралар кафедраның аудиториядан тыс жұмысының маңызды элементіне айналып отыр. Бейжің киносы апталығына қатысу студенттердің мәдениетаралық құзыретін дамытып қана қоймай, оларға орыс тілін меңгеруге деген мотивациясын арттыра түседі.
Мұндай мәдени іс - шараларды ұйымдастыру және оларды бірге тамашалау – екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың нақты қадамдары.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Моладағалиева Ж. Т., Мацко И. В.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Ынтымақтастық аясында өткен кездесу

Ынтымақтастық аясында өткен кездесу

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы факультеттің және кафедраның 40...
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...
Тазалық апталығы

Тазалық апталығы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, өтіп жатқан тазалық апталық сенбілігіне әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×