Сайтқа кіру Тіркелу

Тарихы тұғырлы, білімі ғұмырлы

Тарихы тұғырлы, білімі ғұмырлы
Қымбатты достар!

Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 40 жылдық мерейтойы!

Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ тарихында 1985 жылдан бастап бүгінге дейін 40 жылға жуық кафедра ұстаздары шетелдік түлектер легін білікті де, білімді етіп дайындап, қолынан түлетіп ұшырып келеді. 40 жылға жуық уақыт бойы білім әлемінде желкен керіп келе жатқан біздің кафедрамыз бүгінгі күні университеттегі бірден бір шетелдік жастардың басын қосатын, халықтың рухани жан дүниесін байытуға өз үлесін тигізетін, білім алғысы келетін әрбір шетелдік азаматқа өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, бағыт - бағдар беруші руханият мекеніне айналып отыр.
Биылғы жылы өзінің 40 жылдық мерейтойын тойлап отырған, 1985 жылы қазақ елінің белді қайраткері, академик Ө. А. Жолдасбековтің бастамасымен ашылған шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің де университеттің халықаралық байланысын жетілдіруге, Еуропалық білім беру кеңістігіне енуге қосқан толағай үлесі бар. Дайындық факультеті негізінде 2011 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті болып, құрамы шетелдік азаматтарға қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытатын Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы және шетелдерден келген, ұлты қазақ жастарға мемлекет қаржысы арқылы тегін оқуға дайындайтын ЖОО - дейінгі дайындық кафедрасы болып толықты.
Шетел азаматтарына арналған шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Ресейдің, Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Лаос, АҚШ, Жапония секілді шетелдерде жұмыс істеген және тәжірибеден өткен филология ғылымдарының докторлары, филология ғылымдарының кандидаттары, жоғары маманданған оқытушылар, қазақ және орыс тілдері мамандарының құрамы жұмыс істейді.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Әлемнің Германия, Испания, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Франция, Түркия, Жапония, Қытай, Корея, Монғолия, Вьетнам және басқа да шетелдерінен қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген жүздері басқа болғанымен жүректері білім мен өнерге құштар, тілдері басқа болғанымен тілектері тоғысқан шетелдік жастар қара шаңырақ әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында бір үйдің баласындай тату - тәтті білім алып келеді. Орта ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Өнер, білім – қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның», - деп жазып кеткеніндей, кафедраның педагогикалық қабілеттіліктері жоғары және ұстаздық өрелері биік профессор - оқытушы құрамы әр жастың жүрек қалауын терең зерделеп, оқуға деген қызығушылық танытқан шетелдік азаматтардың таным көкжиектерін кеңейту бағытында үлес қосып келеді. Көптеген шетелдік студенттерді қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандырып, әр түрлі деңгейдегі білімге деген сұраныстарын қанағаттандырып, тілді биік дәрежеде үйретіп, кәсіби әрі шебер білім беру әлемінде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп, білім беруде.
Ұлттың дамуы – білім құндылықтарынан бастау алады десек, осыдан 40 жыл бұрын бой көтерген бұл кафедра бүгінде шетелдік жастарға лайықты білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салатын білім мекеніне, университетіміздегі ең беделді кафедраның біріне айналды. Тамыры бекіген кафедрамыз бүгінгі күнде көркейіп, озық та инновациялық технологиялар мен білікті қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында жаңару үстіндегі білім мекеніне айналып, дамуын жалғастыруда.
Ғылыми дәрежесі шыңға шырқаған ғалымдарымыз бен білікті оқытушыларымыздың арқасында кафедрамыз әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінің елшіліктерімен, жоғары оқу орындары және білім беру орталықтарымен берік ынтымақтастық қатынас құрып, өз абыройы мен беделін шартарапқа тарату жолында жемісті еңбек етуде.
Шетелден келген шәкірттер білімнің бастауын осы ұстаздардан алып, биік белестерге көтеріліп, ұлттық тілімізбен, өнерімізбен және тіл мәдениетімізбен танысып, білімдерін ұштауда зор жетістіктерге жеткеніне қуанып, өз алғыстарын білдіріп келеді.
Кафедра 40 жыл ішінде талай асулардан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті. Осы жылдар ішінде мыңдаған шетелдік жастар білім алып, қияға қанат қақты. Кафедра түлектері таяу және алыс шетелдерде жемісті қызмет етуде.
Кафедраға табысты да мақсатты дамуды, дәстүр жалғастығын, абырой - беделі мен мәртебе - мерейінің асқақтай түсуін, ұстаздарға зор денсаулық, рухани күш - қуат, шығармашылық белсенділік және табысты еңбек, ал студенттерге білім жолында шыдамдылық пен зор күш - жігер тілеймін!
Алар асуларыңыз бен белестеріңіз көп болсын! Білім мен ғылымның деңгейін арттыруда атқарып жатқан еңселі еңбектеріңіз табысты болсын!

Ізгі ниетпен, Айгүл Саденова.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Мерейлі факультетке 40 жыл

Мерейлі факультетке 40 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Сапалы білім беру маңызы

Сапалы білім беру маңызы

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Сапалы білім – болашақ кілті

Сапалы білім – болашақ кілті

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Мерейлі кафедраға 35 жыл

Мерейлі кафедраға 35 жыл

Ғылым мен білімнің тұнығына айналған, халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарына енгенін дәлелдеген...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×