Сайтқа кіру Тіркелу

Президент жолдауы - ел ертеңінің бағдары

Президент жолдауы - ел ертеңінің бағдары

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - де Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы 2025 жылдың 8 қыркүйек күні ел Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасаған жолдауын тыңдап, талқылады.
Жолдауда ел Президенті биылғы жылы еліміз үшін жаңа кезең екенін, елде өткізілген жалпыұлттық референдумда жаңа саяси бағдарға қолдау көрсетіп отырғандығын айтты. Елдегі жаңа бағдар бойынша еліміздің Ата заңына реформа жасалынып, сол арқылы елдегі саяси жағдайлар жақсаруы тиіс, ел саясатының дұрыс жолға қойылуы ел экономикасына оң нәтижелер беру керек деп бағамдайды. Осы тұрғыда ел ішінде саяси реформалар жасау керектігін, нақтылап айтқанда бір палаталы Парламент құруға ұсыныс жасады. Осы орайда елде 2027 жылы референдум болуы тиіс деп тапсырды.
Жолдаудағы елдің экономика, логистика салаларына қарқынды өзгерістер енгізу үшін жасанды инлеллект көмегін жұмылдыру туралы тұсы қазіргі уақытта уақытты ұтымды пайдалану, аз уақытта көп іс тындыруға мүмкіндік беретін жаңа заманауи көзқарас болып табылады.
Өзге елдермен салыстырғанда біз жер асты қазба байлықтары мол елміз. Ел басшысы осыған қатысты тау - кен кешенін дамытуға басымдық берілетіндігін атап өтті. Еліміздегі экономиканы қарқынды дамытудың бірден - бір тетігі өнім өндіретін кәсіпкерлер саны алты пайызға да жетпейтінін, олардың санының өте төмен болуы осы салаға қатысты заңдардағы қарама - қайшылықтардың болуына қатысты болып отырғандығын атап өтті. Сондықтан ескірген заңдарды жаңа бағытта дамитын елге лайықтап қайта шығаруды ұсынды.
Өзімізге белгілі қазіргі уақытта елдегі элеуметтік топтарға мемлекет тарапынан берілетін көмектер көбейіп келеді. Бірақ Президент ескерткендегідей көмек алуға тілек білдірушілердің санының күрт өсіп бара жатыр. Әрине, көмек алуға шын мұқтаж жандарға берілетін көмектің орны бір бөлек, бірақ осы жағдайды пайдаланып ел ішінде масылдыққа бой үйретуге әрекеттенген азаматтар да жоқ емес. Сондықтан осы көмек беруді дұрыс және шынай мұқтаждарға ғана бағытталуын қадағалау керектігін қадап айтты.
Қашанда ел экономикасын көтеруге күш салуда жақсы, сауатты мамандардың күші керек. Осы бағытта кадр реформасы түйткілді мселе болып отыр. Елдегі жақсы мамандардың шетел асып кетіп, ел ішінде кадр тапшылығы әр салада орын алып отыр. Сндықтан сапалы кадр дайындау ісі бүгінгі күні күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе екені де ашып айтылды. Елдегі білікті мамандарды елге қайтарудың жолдарын қарастырып, қолданысқа енгізуді тапсырды. Кадр тапшылығын жою үшін көші - қон саясатын да қайта қарау туралы да айтты.
Президент Үкімет пен әкімдер жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан елдің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы құлдырап кеткенін айтты.
Президент елге инвестиция тартуды күшейту, АЭС құрылысын жоспарлауды, 10 күн ішінде Алатау қаласына арнайы статус беріліп, тікелей үкіметке бағынатынын, сондай - ақ Президент тарапынан банктер тек халыққа несие берумен ғана айналыспай, экономикаға қаржы салуы керектігін ескертті. Осы орайда банктер саласында жаңа заңдар қабылдануы керек деген сөздер айтылды.
Бұл жолдауда тіршілік көзі судың сапасы, су тапшылығы мәселесін де айналып өтпеді. Еліміздегі эекономиканың басты көзі егіншілік, бау - бақша өсіру болғандықтан сумен қамтамасыз ету, сумамандарын дайындау ісі де бірінші рет айтылып отырған жоқ. Себебі судың дұрыс берілуі, су сапасы елдің денсаулық, әлеуметтік мәселелерін шешумен тығыз байланысты деп білеміз.
Президент БҰҰ - ның жұмысына қатысты, әлемдік геосаяси жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұған қоса, ұйымға реформалар енгізу туралы Қазақстан атынан ұсыныс білдіретінін айтты. Және Қазақстандағы саяси жүйедегі оң өзгерістерге тоқталып өтті. Елде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын хабарлады.
Елдегі салық мәселесі, салық саласындағы заңсыздық, салық төлеуден жалтару мәселесін де жіті қарастырып, ол салаға қатысты реформалар жасауды ұсынды.
Осы елдегі әртүрді экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерді шешудің барлығының басында елдің заңмен қамтамасыз етілуі тұр. Елдегі соңғы уақыттарда заң бұзушылық, бұзақылық әркеттердің болмауы үшін заң саласындағы олқылықтардың алдыналу керек екенін ескертіп айтты.
Президенттің елді дамытуға қатысты жаңа бағытқа қарай қарқынды қадам жасауға бағыттаған жолдауы болашақтан көп үміт күттіреді. Біз елдің жарқын болашағына сенеміз.

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушылары
Г. Ә. Машинбаева, Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдау – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

Жолдау – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

ҚР Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер...
Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді

Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді

3 қаңтар күні еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінде сұқбат берді. Ел басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет еліміздің беделді...
Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды

Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды

Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын одан ары өркендетуге, жаңғыртуға...
Ел өркендеуінің берік негізі

Ел өркендеуінің берік негізі

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы Қазақстан...
Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×