Сайтқа кіру Тіркелу

Халықаралық ынтымақтастық аясында: тарих пен өнерді байланыстырған рухани кеш

Халықаралық ынтымақтастық аясында: тарих пен өнерді байланыстырған рухани кеш

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары және шетелдік студенттері халықаралық ынтымақтастық аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп, Қытайдың ұлы композиторы Сянь Синхайдың 120 жылдығына арнайы ұйымдастырған іс - шараны тамашалады.
Мерейтой кешінде фотокөрмені аралай жүріп, шетелдік студенттер қазақ пен қытай халықтарының достық қарым - қатынасының көрінісі туралы, Сянь Синхай мен қазақ композиторы Бақытжан Байқадамов арасында берік достық орнағаны жайында, Қытай композиторы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Алматыға табан тіреп, Бақытжан Байқадамовпен етене араласқаны туралы өз білімдерін тереңдетті.
Іс - шара ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласы өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов пен Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй мен филармония директоры Ақан Әбдуалиевтің құттықтау сөзімен басталды.
Мерекелік шара арнайы дайындалған мерекелік концертке ұласты. Кеште Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және жеке орындаушылар өнер көрсетті. Бағдарламада Сянь Синхайдың «Амангелді» симфониялық поэмасы мен әйгілі «Сары өзен» кантатасы, «Қазақ билері», «Тайханшань тауында» секілді туындылары орындалды.
Халық тарихы мен өнерін қамтитын рухани кештен шетелдік студенттер тамаша әсер алып қайтты. Тарихты, мәдениетті, өнерді құрметтеуге тәрбиелеуде мерейлік кештің берері мол болды.

А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Халықаралық ынтымақтастық аясында өткен шетелдік студенттермен кездесу

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім...
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×