Сайтқа кіру Тіркелу

Тіл - тарихтың үні

Тіл - тарихтың үні

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың алғашқы әліпбиінің авторы. Қазақ тілін реформалаудың арқасында ана тіліміз түсінікті және қол жетімді болып, халықтың сауаттылығы артты. Оны жетілдіру мақсатында морфология, грамматика және фонетика бойынша көптеген әдістемелік еңбектер жазды. Ұлты үшін аянбай қызмет етіп қоймай, жастарды ұлттық дүниетаным негізінде оқыту, ана тілін дамыту, осы ретте қазақ даласында оқу орындарын ашу жолында үлкен еңбек сіңірген. Ол өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім - ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісіне арнаған. Ауыл мектептерінде, семинарияларда бала оқытып, оқу тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденген.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін ең маңызды мерекелердің бірі, себебі тіл адамның қарым - қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы. Бұл мерекенің мақсаты қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттау, қазақ мәдениеті мен дәстүрін насихаттау, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту. Әр халықтың тілі арқылы татулық пен тереңдікке, елдік пен егемендікке бастайтын алтын көпірі салынған. Сол көпірдің беріктігі, өміршендігі – байыпты болашақтың кепілі.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құрметті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өзі ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың мәңгі ғұмыры - оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы – ұлы»,- деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. Тілдің құдіретін сезіну, тазалығын сақтау, құрметін еселеу елдегі әрбір адамның алдында тұрған парызы. Тілі шұрайлы да оралымды ана тіліміздің мерейі үстем болсын!

Е. Р. Өзенбек
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Тарих факультеті,
Қазақстан тарихы кафедрасы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл - ұлттың тірегі

Тіл - ұлттың тірегі

Тілдің құдіретін сезіну, тазалығын сақтау, құрметін еселеу елдегі әрбір адамның алдында тұрған парызы. Саяси тұрақтылықтың да негізгі кілті дәл осы...
Тіл – достықтың алтын көпірі

Тіл – достықтың алтын көпірі

5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ тілі әліппесінің атасы,...
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі

Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
Ана тілі және Ата Заң

Ана тілі және Ата Заң

Тіл - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні...
Ана тілі – бабам тілі, от тілім

Ана тілі – бабам тілі, от тілім

Ана тілі – әр халықтың рухани байлығы, ұлттың жан дүниесінің айнасы. Тіл – ата - бабамыздан мирас болған асыл қазына. Ол біздің тарихымызды,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×