Тіл – достықтың алтын көпірі
5 қыркүйек – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл»,- деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ тілі әліппесінің атасы, Алаш арысы, қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі болып аталып келеді. Шын мәнінде тілдер мерекесі – Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Қазақстан елінде түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді, олардың әрқайсысының ана тілінің басқа халықтар тіліне қатысты тағдыры бар, тіл арқылы адамдар бір - бірін танып біле алады және кез - келген халықтың рухани мәдениетімен, дәстүрлерімен, салттарымен танысу үшін де тілге жүгінеді.
Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Қытай, Корея, Жапония, Түркия және басқа да елдерден келген шетелдік студенттерге жыл сайын «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесі аясында іс - шаралар өткізеді. Кафедраның оқытушылары бұл мереке туралы, тілдің мәні туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің құдіреттілігіне байланысты музыкалық шығармалар ұсынады. Бұл іс - шаралардың жалпы мақсаты – шетелдік студенттердің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік - коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл туралы білімін жандандыру және кеңейту, тілдерге сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады. Бұл мерекеге арналған танымдық іс - шаралар мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтіп отырады, сонымен қатар ол Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттардың достығына өз үлесін қосады деп санауға болады.
А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Тіл – достықтың алтын көпірі
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2025
- 13
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тіл мерекесі, 5 қыркүйек тілдер күні
Ұқсас жаңалықтар:

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем
Кафедраның оқытушылары бұл мереке туралы, тілдің мәні туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазбалар, танымдық тапсырмалар, тілдің...
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...
«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...
14 наурыз – Көрісу күні
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Тіл – татулық тірегі
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.