Ақынның көшбасшылық дәрісі
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы ширек ғасырдан бері шетелдік қазақ балаларына білім беріп, олардың қазақ қоғамына белсенді араласыуына мұрындық болып келе жатқаны белгілі. Биыл да әлемнің әр түкпірінен келген жастарды қабылдап, еліміздің мәдени - тарихи мұраларымен танысытырып, қоғамымызды дамытуға атсалып еңбегімен, өнерімен танылып жүрген белгілі тұлғалармен таныстырып, кездесулер, сұхбаттасулар өткізу шаралары дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Солардың бірі - танымал айтыскер ақын Серік Әкірамұлы Қалиевпен өткен көшбасшылық дәріс. Өзім жетекшілік жасайтын «Асыл сөз» стартабының мүшелері және шығармашылық топтар келген кезде жоспарға енгізілетін басты шаралардың бірі – ел руханиятын дамытуға өмірін арнаған асыл тұлғалардың өмірін, еңбектерін көрсету, түсіндіру, оқыту болады. Шәкірттеріміз қонақты музыкалық ән - шашумен қарсы алды, олар ұлттық әндеріміз бен қасиетті қара домбыраның күмбірлеген күйімен қарсы алды. Әсіресе, бәрімізге әсерлі болғаны шетелдік азаматтардың, корей, қытай, үндістан, жапон елдерінен келген жастардың Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келдіре орындауы болды. Келген қонағымыздың да қазақша ән шырқаған шетелдік шәкірттерге ықыласы ерекше ұнағанын байқатты. ТДМ (17) бағыты бойынша ел дамуына рухани қызмет атқарып жүрген тұлғаның өмірі мен шығармаларын таныстырып, өлеңдерін тыңдап, ақынмен көкейлеріндегі сауалдарын қойып, сұхбаттасып, шәкірттер мол рухани мағлұмат алды. Серік ақынның шығармашылық өмірінен үлгі алып, ақынның өзі шығарған әндерін тыңдады. Ақынның шәкірттерге берген батасынан рухтанып, алғыс білдірді. Ақынның шығармашылық жолынан фото - шежіресімен танысып, айтыс өнеріндегі әсерлі әңгімелерінен ерекше рухтанды. Серік ақын өнер көрсетіп, қызықты сұрақ қойған шәкірттерге кітаптар сыйлап, болашақта да рухани байланыста болатынын айтты. Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, оны сақтап, насихаттау біздің басты парызымыз екенін түсінді. Шетелдегі қазақ балалалары еліміздегі осындай танымал тұлғаларымен танысып, әдеби шығармалырын оқып, мәдени мол азық алып жатыр. Болашақта еліміздің мәдени - рухани дамуына өз үлестерін қосуға атсалысарлары анық.
Ж. Әділханова, Ж. Иманова, С. Нұртілеуова
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ - нің аға оқытушылары
Ақынның көшбасшылық дәрісі
- ramuk_b
- 19 наурыз 2025
- 27
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ҚазҰУ, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Ұқсас жаңалықтар:

Наурыз айындағы ұлттық тәрбиелік іс - шаралардың маңызы зор
Жыл сайын көктемде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың барлық факультеттерінде жастарды рухани - адамгершілік және мәдени - эстетикалық тәрбиелеуге...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Алғыс айту күні» мерекесінің маңызы
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...
Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі
Іс - шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.