Сайтқа кіру Тіркелу

40 жылдық тарихы бар факультет

40 жылдық тарихы бар факультет

Биыл жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті өзінің құрылғанына 40 жыл толып отыр. Осыған байланысты факультетте әртүрлі іс - шаралар атқарылып жатыр. Осы кезең ішінде факультет тек білім беру жүйесінде ғана емес, халықаралық білім беру саласында да маңызды рөл атқарды. Факультеттің басты мақсаты – шетелдік студенттерді тілдік және қоғамдық пәндермен қамтамасыз ету, олардың оқу үдерісіне сәтті интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
Факультет 1985 жылы құрылған, сол кезде Кеңес Одағында халықаралық білім беру бағдарламалары белсенді түрде дамып келе жатты. Әуелде кафедраның басты міндеті шетелдік студенттерге орыс тілін үйрету болды, бұл оларды жоғарғы оқу орындарында оқуға дайындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттерге Қазақстанның мәдениеті, тарихы және қоғамы туралы негізгі білімдер де ұсынылды.
Бұл кезеңде факультеттің жұмысы жоғары оқу орындарында оқитын шетелдіктердің тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оларға қазақ және орыс тілдерінде сөйлесу, ғылыми және күнделікті қарым - қатынастарды оңай жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Осы 40 жыл ішінде факультет өз жұмысын кеңейтіп, жетілдіре түсті. Егер алғашқыда тек орыс тілі шет тілі ретінде ғана оқытылса, бүгінде шетелдік студенттерге арналып, қазақ тілін де үйрету, сондай - ақ, жалпы білім беру пәндері де енгізілді. Сонымен қатар шетелден келген қандас бауырларды жоғары оқу орнына түсу үшін де дайындықтан өткізеді. Қазіргі уақытта факультеттің бағдарламасы студенттердің тек тілдік дағдыларын ғана емес, сонымен қатар олардың академиялық білімін арттыруға, Қазақстан қоғамын, тарихын, мәдениетін тереңірек түсінуге бағытталған.
Факультеттің негізгі ерекшеліктерінің бірі – студенттердің әртүрлі мәдени және тілдік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке көзқарас танытуы. Оқытушылар халықаралық тәжірибеге ие, олар әр студентке жеке тәсілмен қарау арқылы оқу үдерісін оңтайландырады.
Факультеттің оқытушылары жоғары білікті мамандар, олардың арасында қазақ тілі, орыс тілі, педагогика, қазақ әдебиеті, тарих, математика, физика саласында үлкен тәжірибеге ие ұстаздар бар. Сондай - ақ, факультет оқытушылары студенттермен тығыз қарым - қатынаста жұмыс істейді, олардың оқу жетістіктерін тұрақты түрде бақылап, жеке кеңестер береді.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті халықаралық деңгейде білім алушылармен байланыс орнату және мәдениетаралық ынтымақтастықты нығайтуда белсенді қызмет атқарып келеді. Факультет көптеген халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысып, шетелдік оқу орындарымен серіктестік орнатты. Бұл өз кезегінде студенттер үшін үлкен мүмкіндіктер ашты: олар түрлі мәдениет пен білім беру жүйесін танып, түрлі елдермен байланыс орнатады.
Факультеттің болашағы да жарқын. Әлемдік білім беру саласындағы жаңа трендтер мен инновациялық технологияларды ескере отырып, факультеттегі кафедралар оқыту әдістемелерін одан әрі жетілдіре түседі.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдық тарихы оның білім беру саласындағы жоғары кәсібилігі мен жаңа бастамаларға ашықтығын айғақтайды. Факультет өз қызметін үздіксіз жетілдіріп, шетелдік студенттердің жоғары білім алуына мүмкіндік беріп, олардың Қазақстан қоғамына сәтті интеграциялануына үлкен үлес қосып келеді.
Факультеттің бұл мерейтойы – тек өткенді бағалаудың ғана емес, болашаққа деген үлкен үміт пен сенімнің белгісі. 40 жылда қол жеткізілген жетістіктер, жаңашылдықтар мен тың идеялар факультеттің білім беру саласындағы маңызды орталық екенін тағы да дәлелдейді.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары
Мұсаева Г. Ә., С. Р. Нұртілеуова
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел

Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы...
«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі

«Ашық есік күні» – жетістіктер көрінісі

Іс - шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Шетелдік студенттермен тәрбие жұмысы

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында...

"Мамандық таңдау: мен әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ды таңдаймын"

Жастардың маңызды мәселелерінің бірі - мамандық таңдау. Дұрыс таңдалған мамандық жастарға өз қабілеттерін толық іске асыруға, шығармашылықпен жұмыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×