Қыз өссе - елдің көркі
Кесте өнері – алуан әдісті, таңдауы көп өнер болып табылады. Қазақ халқына тән байырғы кесте өнерінің көне түрлері: біз кесте, баспа кесте, зер, моншақтап кестелеу, айқас тігу, қайып тігу. Сән - салтанат бұйымдарды алтындап, күмістеп тігетін болған. Оған көбіне барқыт, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Тұрмыстық жиһаздардың бетіне жапқыштарды, жастықшаларды, көрпешелерді кестелеу қазақ халқында кең тараған. Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т. б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған. Астарында үлкен тәрбие жатқан бұл өнер түрі әлі күнге ел санасынан өшкен жоқ. Керісінше соңғы жылдары халықтың қайта қызығушылығын оятып, күнделікті қолданысқа кеңінен ене бастады. Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының, кесте тігу өнерінің тарихы тереңде. Әрі берер мағынасы да түрлі мән мен тәрбиеге толы. Халықтың ғасырлар бойғы шығармашылық даналығын бойына жинақтаған аталған қолөнер түрі шын мәнінде халықтың философиялық - эстетикалық мазмұнын айқын көрсетеді. Сол себепті кесте өнерін кеңірек насихаттап, жастардың бойына ұлттық құндылықтарымызды дарыту қажет - ақ. Осы орайда әл - Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдығына арналған «40 іс - шара» аясында жастарымыздың арасында қолөнердің осы түрін насихаттау барысында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының Жас шебер стартабы «Қыз өссе елдің көркі» атты кесте тігу сайысын ұйымдастырды. Қыздар әдемі кестелерімен қазылар алқасын тамсандырды. Сайыста әділ - қазылар қатысушыларға өз бағасын беріп, әр кестенің мән - мағынасын түсіндіріп, қыздарға жылы лебіздерін білдірді.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық
кафедрасының оқытушылары
Ибрагимова М. Н., Тастемирова Г. А., Нұртілеуова С. Р.
Қыз өссе - елдің көркі
- ramuk_b
- 9 наурыз 2025
- 39
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кесте өнері, 8 наурыз, біз кесте, баспа кесте, зер, моншақтап кестелеу, айқас тігу, қайып тігу
Ұқсас жаңалықтар:

Кесте тігу
Кесте – қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіреті бейнеленген...
Кестелеу – қазақтың қолөнерінің негізгі өнері
Жезқазған қаласындағы, Жалпы білім беретін №21 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ардак БАЛАБИЕВА...
Кесте тігістерін тігу
Жезқазған қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кадырова Асем Дулатқызы...
Кесте тігістерінің түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...
Көркем кестелеу. Кесте түрлер. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу.
Тренинг: «Қимылын көрсет» ойыны. Оқушылар аталған аң, құс жануар қимылдарын салып, көңіл - күйлері көтеріледі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.