Болашақта сапалы кадр дайындауға қатысты жиын өтті
20 ақпанда әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - да «Білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету: академиялық тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер» тақырыбында сараптамалық - стратегиялық сессия отырысы өтті. Аталған шараға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысының м. а. Рысгүл Құдреттолаева, ҚазҰУ - дың Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Алтай Қазмағамбетов, саяси ғылымдар докторы, профессор Амантай Нұрмағамбетов, «Мамандығым – болашағым» жобалық тобының жетекшісі Олжас Сәкенов, шетелдік компаниялардың өкілдері, отандық және шетелден келген сарапшылар, ғалымдар жиналды. Жиынның мақсаты - еліміздегі білім беру бағдарламаларының сапасын арттырып, мазмұнын жаңартып отыру туралы ойларды ортаға салу, болашақта елімізде сапалы қажет мамандарды дайындау мәселелен талқылау. Бұл басқосуда мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2023 - 2029 жылдарға арналған жоғары білімді және ғылымды дамыту тұжырымдамасына ерекше назар аударылды. Аталған тұжырымдама мақсаты - болашақта елімізде кадр даярлаудың жаңаша моделін қалыптастыру. Нақтылап айтқанда, енді елімізде бизнесмендер мен жұмыс берушілерді кадр даярлау ісіне қатыстыру шаралары көзделеді. Аталған шараға Министрлік тарапынан қатысқан Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы басшысының м. а. Рысгүл Құдреттолаева елімізде осы бағыт бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатқандығын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта елімздегі «Мамандығым - болашағым» жобасы болашақта сапалы жаңа моделдегі Қазақстандық мамандарды дайындау бағытында жұмыс істеп жатқандығын, олардың жұмысының нәтижесі ретінде қазіргі бүгінгі күнге дейін 9 өңірлік атлас әзірленгенін және елімізге аса қажет деген 500 - ден аса жаңа мамандықтар анықталғандығына тоқталды. Аталған жиында университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А. Қазмағамбетов университеттегі ғылым саласына қатысты атқарылып жатқан жаңалықтарды баяндады. Алтай Қазмағамбетов өз сөзінде бұрынғы білім беру бағдарламаларының 57 пайызы жаңартылғанын, өзге оқу орындарынмен бірлескен және қосдипломдіқ білім беру бағдарламалары туралы айта келіп, білімді жетілдірудің алдында атқаратын күрделі міндеттердің де көп екендігіне акцент жасап өтті. Университтеттің алдыңғы қатардан көрінуі үшін болашақта білім беру бағдарламалары үнемі жаңартып отыруды талап ететінін, әсіресе инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындаудың аса қажеттігін басып айтты.
Елімізде ғылым саласына қатысты жаңа серпін тудыру бағытында ғалымдар мен осы салада жүрген білікті мамандар бас қосқан бұл жиынның сапалы білім беруге қосар үлесі зор деп білеміз. Болашақты бағдарлап қажетті мамандарды жоспарлы түрде дайындау, жұмыс жетіспеушілігі, кадр тұрақсыздығы сынды бүгінгі күнгі күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған мәселелердің алдын алары сөзсіз.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дің
аға оқытушылары
Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Болашақта сапалы кадр дайындауға қатысты жиын өтті
- ramuk_b
- 21 ақпан 2025
- 30
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сапалы кадр дайындау, жиын өтті, сараптамалық - стратегиялық сессия
Ұқсас жаңалықтар:

Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді
3 қаңтар күні еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінде сұқбат берді. Ел басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет еліміздің беделді...
Тіл оқытушыларының тәжірибе алмасу кездесуі
«Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс - тәсілдері мен мүмкіндігі» атты халықаралық ғылыми - әдістемелік семинар өткізілді....
Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты...
Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...
Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.