Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел
Жақында әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті көлемінде Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы факультеттің және кафедраның 40 жылдық мерейтойына орай "Қазақстан мен Қытайдың білім беру саласындағы өзара ынтымақтастығы" атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының білім беру жөніндегі консулы Хуан Сяоминь, ғылым жөніндегі консулы Чжан Вэй және шетелдік компания өкілдері, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дағы ҚХР солтүстік - батыс политехникалық университеті (СҚПУ) филиалының қызметкері Тан Мэнень және орыс және қазақ тілдерін оқып жүрген қытайдан келген студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Сартаев Спатай Алтынбекұлы құттықтау сөзінде кафедраның, факультеттің тарихымен, ал кафедра меңгерушісі Айтбаева Бақыт Манатқызы өз баяндамасында кафедраның ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті, сонымен бірге студенттер де өз сұрақтарына жауап алды, білім, ғылым саласындағы екі жақты әріптестік талқыланды.
А. Е. Саденова.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру дайындығы факультеті
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел
- ramuk_b
- 16 ақпан 2025
- 57
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Білім саласындағы екі ел ынтымақтастығы, дөңгелек үстел
Ұқсас жаңалықтар:

Тіл – татулық тірегі
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік студенттерге «Тіл – татулық тірегі»...
Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...
Онлайн дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
35 жылдық мерейтойға орай өткізілген ашық есік күні
Қара шаңырақ саналатын әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және...
Дөңгелек үстел өтті
Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл - Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.