Әл - Фараби атындағы Қазұу палеолит мұражайы
Мұражай – еліміздің ең ірі білім ордасының бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші. ҚазҰУ 6 мұражай бар. Соның ішінде Орталық Азияда жалғыз болып есептелетін - Қазақстанның палеолит мұражайы. Оны құрып, толық іске қосқан тарихшы, археолог, ғалым - Ж. Қ. Таймағамбетов. Ол өзінің ғылыми жобасының аясында 2000 жылы ҚазҰУ - да ашқан болатын. Мұражайдың топтамалық ғылыми қоры 600 мыңнан астам артефактіден тұратын палеолит және неолит дәуірлеріндегі тастан жасалған құрал - саймандардың жинағынан құралған. Материалдар хронологиялық тізбек бойынша орналасқан. Ол адам эволюциясы, кейінгі палеолит, Мустье дәуірі, төменгі палеолит секілді 5 бөлімнен және мезолит, неолит және энеолиттен тұрады.
Мұражай спецификалық жағынан алғанда Сорбон мен Кембридж университтерінен кейін əлемде үшінші орында, ал ТМД елдеріндері бойынша алғашқы – тас дəуірінің (палеолит) мұражайының ашылуы еді. Музейдің ашылуына жоспарлы түрде Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық экспедиция жұмыстары нəтижесінде табылған палеолит, мезолит, неолит дəуірінен мəлімет беретін артефактілердің көптеп табылуы негіз болған.
Бұл тас құралдар Қазақстан территориясында əр жылдарда археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Қазақстаннан шыққан жетекші маман археологтар — Х. А. Алпысбаев, А. Г. Медоев, Ж. Қ. Таймағамбетов, Б. Ж. Əубекеров, О. А. Артюхова мен 1992 жылдан бері он жылға жуық Қазақстан территориясында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген біріккен, кешенді Қазақстан – Ресей (РҒА СБ археология жəне этнология институты) археологиялық экспедициясы жұмыстарының жемісі болып табылады.
Бұл мұражай - Қазақстанда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, өз елінің мәдени - тархи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми - ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бөлімшесі болатынына сеніміміз мол.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
оқытушылары Тасилова Н. А., Ибрагимова М. Н., Нұртілеуова С. Р.
Әл - Фараби атындағы Қазұу палеолит мұражайы
- ramuk_b
- 12 ақпан 2025
- 15
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұражай, палеолит мұражайы, ҚазҰУ
Ұқсас жаңалықтар:
![Қазақстандағы ғылым мен білім: ҚазҰУ - дың болашақ көшбасшыларды дайындауда ...](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Қазақстандағы ғылым мен білім: ҚазҰУ - дың болашақ көшбасшыларды дайындауда ...
Әл - Фараби атындағы ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі және Қазақстанның негізгі білім беру орталығы....![Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат](https://bilimsite.kz/uploads/posts/2024-02/1709037257_kaznu15.jpg)
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...![Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайына саяхат
Қоғам санасының жаңғыруы біздің еліміздің алға жылжуы үшін аса қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда...![Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...![Энеолит дәуірі](/templates/bilims/dleimages/no_image.jpg)
Энеолит дәуірі
Сабақтың мақсаты: Энеолит дәуірінің ерекшелігі туралы толық мағлұмат беру. Дамытушылық: Тас дәуірінің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, еңбек...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.