Кәсіп – нарықтық сұранысқа негізделген, табыс табуға бағытталған, жарқын болашақты қамтамасыз етуге кепілдік беретін еңбектің еркін түрі.
Бала кезден жан біткеннің барлығының санасында арманы мен қиялы ұштасқан, өзін бас кейіпкер санайтын сүйікті жұмысы бар екені анық. Осы тұста меніңде ес білгелі қалауымдағы сүйікті іс – нәзіктік пен әсемдікті және махаббат пен еркіндікті дәріптейтін флорист маманы еді. Қазақ халқында баланы 5 жасқа дейін хандай күт, 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жасыңнан кейін досыңдай сырлас демекші, ата - анамның маған деген сенімі, үнемі айтып жүретін ұсынысытарыма құлақ асатын сәті 15 жасымда жүзеге асты.

Ата - анама келер болсам, бүгінгі таңда кәсіби дипломы бар, мемлекеттік қызметкерлер. Десе де, бүгінгі жаһандану заманында қосымша кәсіп алу, болашақты алдын ала қамтамасыз етуге әрекеттену - өзекті мәселе болып жатыр. Осы тұста жылдар бойғы менің арманым мен қалуымдағы кәсіпті ашуда ата - анам және отбасыммен көп еңбектенді. Бұл кәсіп тек табысқа емес бақытқа жетелейтін кәсіп болады деп сендік. Бұл қалауымызға өзім мекен ететін ауылдағы гүл орталықтарының болмауыда әсер етіп, қараша айында «Lily flowers» гүлдер орталығы ашылды. Бәріміз білетіндей, гүл орталықтары көбіне қалалық аудандарда шоғырланған, орналасуына байланысты ауылдық округтарға жеткізу қызметі кейде тіпті қарастырылмайды да, қарастырылған жағдайдың өзінде бағасын халықтың қалтасы көтермейді. Осыған байланысты, ауыл тұрғындарына қолжетімді, сапалы гүлдер орталығын қолымызға алу басты мақсатқа айналды. Әрине, басында іштей қорқыныш болды. Бірақ тәуекелсіз біз Құдай бұйырып тұрған мүмкіндікті жоғалтып алатынымызды түсініп, алға қадам жасадық. Орталықтың ішкі жағдайы жақсы болғанымен, техникалық қажжеттіліктері мәз емес болғанын мойындау қажет. Ең негізгі құрал - кондиционеріміз ақсап тұрды. Дүкеннің ішіне басынан бастап отбасымызбен генеральды тазалық жұмыстарын өзгерттік, әкем керек жиһаздарды жасап беруге кірісті. Ең жақсы сұрыптағы гүлдерді таңдадық, сапалы әрі өтімді керек - жарақтарды алдық. Ішіне біраз өзгерістер әкелдік. Тіпті алғашқы клиенттеріміз де “аулымызда мұндай көз қуантарлық орталықтың бары қуантады” десетін.

Орталықтың бар мүмкіндіктерін ашу үшін апталық, айлық, жылдық жоспарлар құруда маңызды нысандардың бірі. Мәселен, апталық жоспарда дүйсенбіде тауар қабылдау, гүлдерді тазалау секілді жұмыстар болса, сейсенбіде оларды жариялау, бенто торттарды қабылдау, тапсырыстарды қабылдау деген секілді тапсырмалар бар. ал айлық жоспарда 1 - 2 аптада гүл жеткізшусімен жаңа келісімдер, алғашқы тапсырыстар беру, ал 3 - 4 апталарда қаржылық есеп беру, кемшіліктерді саралау және келесі айға мықты стратегия құру сынды жоспар құрдық.
Орталығымыздың ең басты ерекшеліктері - клиенттерімізге ерекше тәсілмен назарын алу мақсатында ойлап табатын сыйлық түрлері. анығырақ айта кетер болсам, кәсібіміздің негізгі кілті кез келген мерекеге ерекше сыйлық ойлап табу. осы мақсатта Lily flowers - те тек гүл композициясынан құралған түрлі шоқтар ғана емес, букетті ақша, тәттілер, тіпті ойыншықтардан да жасап бере алады. сондай - ақ корейлік негізде жасалған ерекше әрі қызықты бенто - торттар да қамтылады
Орталығымыздың клиенттерімен байланысын жақсарту мақсатында жоспарымызда түрлі акциялар өтіп тұрады. мәселен, кәсібіміздің бастамасына 3 - ақ ай болса да, тұрақты клиенттеріміз бар деп нық айта аламын. Алдарыңызда осы уақыт ішіндегі орталықтың кіріс көрсеткіштері берілген.
Бүгінгі таңда кез келген кәсіп түріне міндетті түрде оның жарнамасы әлеуметтік желілерге тәуелді болып келеді. Осыған орай, біз де Инстаграм және Тик - Ток желілерінен парақшамызды аштық. Ол жерде күн сайын стористар салып, посттарда өнімдерімізбен таныстырып тұрамыз. Келген клиенттердің шамамен 75%- “Сізді инстаграмнан тауып келіп тұрмын” дейді. Айтпағым, осы бір кішігірім пункттің өзі елеулі табысқа жетелейді
Қорытындылай келе, әлемнің ұядай ғана бір бұрышында әсемдік пен әдемілікті ұштастыра отыра, бақыт пен табысқа жүйелі дәніміз егіліп, келешекке деген кемел сенім бар. Гүлдер – кез - келген нәзік жандының жаны, болмысы, қалауы! Қайсар қазақ қыздарының бір сәтке өзін әлсіз және бақытты ететін сезімін тудырып, жаралы жүректерді жалғайтын ғажап іспен айналысу менің басты миссиям екенін сезінудің өзі бақыт!