Сайтқа кіру Тіркелу

Оқу - әдістемелік құралдар қатары толықты

Оқу - әдістемелік құралдар қатары толықты

2025 жылдың басы қазақ тілін оқыту кеңістігі жақсы бір жаңалықпен толықты. Еліміздегі қазақ тілі саласындағы білікті мамандар мен ғалымдар Ж. М. Искакова, Л. М. Демесінова, Н. Ж. Даулеткереева, Г. А. Мұсаева, Ж. К. Сүйінжанова, А. К. Балабеков, А. М. Калиевалардың авторлық бірлестігімен қазақ тілінің базалық деңгейін қамтитын лексикалық минимумы құрастырылып шықты. Авторлық құрамдағы Г. Ә. Мұсаева біздің, яғни Әл - фараби атындағы ұлттық университетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатқан эксперт маман. Доцент Г. Ә. Мұсаеваның авторлығымен қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту бағытында 10 - ға жуық оқу құралдары жарық көрген. Қазіргі уақытта университетте шетелдік тыңдаушылар Г. Мұсаеваның “Қазақ тілі - шет тіл ретінде” атты оқу құралымен оқиды. Оқу құралының жүйесі дұрыс, шетелдіктерге тіл оқыту әдістемесіне негізделіп жасалған.
Тілді шет тіл ретінде оқыту әдістемесінде ешқандайдәнекер тілсіз, тілді сапалы меңгертуге болады. Ол үшін оқу құралының жүйесі дұрыс болуы тиіс. Г. Мұсаеваның оқу құралдары осы тұрғыдан келгенде сауатты жазылған оқу құралы деп айтуға әбден болады.
Лексикалық минимум таныстырылуы «Мемлекеттік және ана тілдерін оқытуға арналған оқу - әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару және тарату» жобасының тұсаукесері аясында өтті. Жобаны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми - практикалық орталығы жасады. Таныстырылып отырған лексикалық миниумда А1деңгей бойынша барлығы 690 сөз алынса, ары қарай олардың қатары толықтырылған.
Тұсаукесерге лексикалық миниум құрастырушы 5 автор қатысып, өздерінің баяндамаларын оқыды және тіл мамандары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиында бұл лексикалық минимум қазақ тілі оқулығын жазуда, оқулықтардың мазмұнын, қамтитын грамматикасы мен лексиксын топтастыруда аса қажетті бағыт беруші құрал екендігі айтылды. Қазіргі кезде қазақ тілі бойынша сапасы жағынан әртүрлі оқу құралдары жазылып жатыр. Бірақ оларда әр деңгегеі тілдік материалды кірістіру кезінде қателіктер жоқ емес. Бұл оқу құралы болашақта осы олқылықтардың болмауына қызмет етеді деген сенімдеміз.
Тілді сапалы, нәтижелі оқыту, тілдік мәдениет пен ұлттық бірегейлікті сақтауда мұндай оқу құралдарының рөлі ерекше болары сөзсіз.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Г. Ә. Машинбаева
Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...
Қазақ тілі - әлем тынысында

Қазақ тілі - әлем тынысында

2021 жылы 12 қараша күні сағат 14: 00 - де шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы кафедра меңгерушісі филол. ғ. д. профессор...
Онлайн дөңгелек үстел өтті

Онлайн дөңгелек үстел өтті

Жуырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл контекстінде білім беру бағдарламалары мен оқу пәндері...
Сапалы білім – болашақ кепілі

Сапалы білім – болашақ кепілі

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұзақ та мерейлі жолмен жүріп келе жатқан,...
Әдістемелік семинар өтті

Әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×