Сайтқа кіру Тіркелу

Еліміздің жарқын болашағы саналы ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білімде

Еліміздің жарқын болашағы саналы ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білімде

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселесі әлемнің білім кеңістігінде және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті жас мамандарды қалыптастыру болып табылады. Өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда білім беру жүйесі де жаңа талаптарға сай бейімделеді.
Ал, біз, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары, Қазақстан жастарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, басты міндеттеріміздің бірі – патриоттық және адамгершілікті қалыптастыру. Отанымыздың дамуы үшін білімді де білікті маман даярлап, өз Отанын сүйген патриот азамат тәрбиелеу үшін еңбек етіп жүрген ұстаздар қызметінің орны ерекше. Өйткені өркениеттің өзегі, кез келген елдің дамуының, саяси тұрақтылығының негізі – білім мен ғылым және саналы тәрбиенің түп тамынынан өріс алатындығына ешкімнің таласы жоқ. Еліміздің өркендеуі үшін ең қажеттісі білімді де білікті Отансүйгіш азамат болса, ал осындай тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін білім ошақтары болса, ал білім ордасының жаны – ұстаз. Білім беру ісінде және тәрбие жұмысында шешуші әрі басты тұлға – ұстаз.
Еліміздің жарқын болашағы саналы ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білімде
Әлеуметтік тәрбиелік мәні зор іс - шараларды ұйымдастырудың өзектілігі жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға қатысты нақты мәселелермен тікелей байланыстылығымен бірге, мемлекетіміздің дербес дамуының мәдени - рухани қырынан қарағанда тіпті тиянақтала түседі. Осы орайда қазақстандық жастардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шараларды өткізу – елдің рухани саласындағы бағыт - бағдар беретін үлкен мәні бар тәрбие ісмен сабақтас ұйымдастырылады.
Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру нәтижесінде мемлекеттігіміз, тәуелсіздігіміздің тұғыры, қазақ тілінің мәртебесі, мәңгіліктігі баянды болмақ. Сана серпілісі жағдайында ғана қазақ мемлекетінің еркін ойлы, азат, іскер де қабілетті, отаншыл, азаматы өсіп шығады. Осы орайда ұлттық тәрбие мәселелері ұлтымыздың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсіннің, дербес мінезі мен мәдениетін танып - түйсінуіне ықпал етері сөзсіз. Жастардың рухани болмысы мен танымдық зердесін пайымдауға дәнекер болмақ.

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: Наралиева Р. Т., Нұртилеуова С. Р.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
2017 – 2018 оқу жылының тәрбие жоспары

2017 – 2018 оқу жылының тәрбие жоспары

2017 – 2018 оқу жылының тәрбие жоспары Сыныптағы тәрбие жұмысының тақырыбы: Тұлғаға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды шығармашылық және...
ҚазҰУ – биік белестерге жетелейтін білім ордасы

ҚазҰУ – биік белестерге жетелейтін білім ордасы

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі, биік белестерге көтерілуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды...
Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастыру маңыздылығы

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі мамандарды даярлайтын ғылыми орталыққа...
Тәуелсіздік – басты байлығымыз

Тәуелсіздік – басты байлығымыз

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық өмірінің ерекше саласы білім болып табылады, еліміздің болашағы, барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі...
Жеке тұлғаны қалыптастыру (Баяндама)

Жеке тұлғаны қалыптастыру (Баяндама)

Өркениет әлеміне нық қадам басқан жеткіншек - мемлекетіміздің жарқын болашағы – бүгінгі бала. Ертеңгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×