Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді
3 қаңтар күні еліміздің Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінде сұқбат берді. Ел басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет еліміздің беделді басылымдарында сұқбат берген болатын. Президент бұл сұқбатында өткен жылға қорытынды жасап, ел экономикасы, халықтың әлеуметтік жағдайы, елдегі заң саласына қатысты өзгерістерге жан - жақты тоқталып, еліміздегі түйткілді мәселелерінің түйінін шешуге қатысты жоспарларына тоқталып өтті.
Журналист тарапынан өткен жылды қорытындылауға қатысты сұраққа Президент елімізде 2024 жылы ауыз толтырып айтарлықтай біршама жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Мәселен, елдегі инженерлік - коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмстары, 18 миллион жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру, 7 шақырым автокөлік жолын салу, тау - кен, мұнай салаларында жаңа жобаларды іске асыру сынды нәтижелі жұмыстарды және астық жинау саласында да едәуір жетістіктер бар екеніне тоқталды. Сондай - ақ еліміздің әлеуметтік мемлекет екенін басып айтып, ұлттық қордан балаларға қаржы бөліну, әлеуметтік спортқа басымлық беру де өткен жылдың еншісіне тиген елеулі жаңалық екенін айтты.
Журналист тарапынан Президентке өткен жылға қатысты елімізде болған келеңсіз жайттарға қатысты сұрақтар да қойылды. Президент өткен жылы тек жақсылықтар емес, атап айтқанда су тасқыны еліміз үшін үлкен сынақ болғаны, алайда елге табиғат тарапынан төнген мұндай қауіпке дайын болуымыз керек екенін, бос дабырамен мәселе шешілмейтінін меңзеді. Сондай - ақ елдегі қылмыстық істерге қатысты бірнеше жаңа заң қабылданғаны туралы да айтып өтті. Қаңтар оқиғасына қатысты да сұрақтың басы ашық қалмады. Үш жыл бұрын орын алған қанды қаңтар оқиғасына қатысты тергеулердің әділ өтуіне қатысты құқық сала қызметкерлеріне өз тарапынан пәрмен бергендігін атап өтті.
Ел Президентінің сұқбатта еліміздегі ғылым саласына қатысты айтқан пікірі көңілге жылу сыйлады. Елімізде ғылым саласына қатысты өткен жылы көптеген жақсы жаңалықтар болды. Соның ең бастысы ғылымға көңіл бөлу ғылымды қаржыландыру жалғасын табатын болды. Сондай - ақ елімізде алыс - жақын шетелдік беделді оқу орындарының филиалдарының ашылуы көңіл көншітер жаңалықтар. Жыл соңында ел басшысы 90 жылдық торқалы тойын тойлаған еңселі білім ордасы ҚазҰУ - дың бірнеше жас ғалымына баспана сыйлады. Ел Президентінің бұл ісі еліміздегі білім саласында жүрген жастарға үлкен мотивация, болашақтарына деген мол сенім сыйлады. Университет тарапынан ұйымдастырылған мерейтойда оқу орнының профессор оқытушылар құрамы әртүрлі номинациялар бойынша марапттарға ие болды.
ҚазҰУ аға оқытушылары: Г. Ә. Машинбаева Р. И. Дүйсенбаева
Қазақ елінің Президенті өткен жылды қортындылап сұқбат берді
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2025
- 69
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ елінің Президенті, Қасым - Жомарт Тоқаев, сұқбат берді
Ұқсас жаңалықтар:
Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетіне берге ...
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Президенті 2024 жылдың қорытындысын жасап, елдің сыртқы және ішкі саясатындағы негізгі оқиғалар туралы...Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына шолу 2 қыркү ...
Оқу жылының басында Қазақстан Президенті дәстүрлі түрде еліміздің халқына Жолдауын жариалады. Бұл маңызды оқиға әрбір қазақстандықтың жан дүниесінде...Қ.- Ж. Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатына шолу
2024 жылдың басында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне жан - жақты сұхбат берді....Ел Президентнің сұқбаты жарияланды
2024 жылдың алғашқы күні Республикалық басалым саналатын «Егемен Қазақстан» газетінде аталмыш басылымның Бас директоры, алаштанушы, ғалым, Дихан...Іргелі өзгерістер бағдары
Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келіп, әрбір Қазақстан азаматының назарын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.