Ел өркендеуінің берік негізі
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы Қазақстан азаматтарының әл - ауқатын, тұрмысын жақсартуды көздейтін нақты экономикалық өзгерістерге назар аударып, елеулі реформаларды дамытуға арналған.
Жолдауда жүзге тарта түрлі бастамалар, ұсыныстар, тапсырмалар беріліп оларды орындау міндеттеліп отыр. Мемлекет басшысының салық жүйесін қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шараларды оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білімді, білікті мамандар даярлау, жасанды интелектіні дамыту, жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәрізді тапсырмаларын ерекше атап айтуға болады.
Президент қоғамда бір жыл бойы талқыланып жатқан Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдумды өткізу күнін белгіледі. Бұл референдум да әділетті шешім деп ойлаймыз.
Мемлекет басшысы: «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай - ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді» – деп жұмысшы жастарға ерекше көңіл бөлуді, қолдауды ұсынды. Сонымен қатар елімізде әлеуметтік қолдауға мүлде мұқтаж емес ауқатты отбасылар да мемлекеттен көмек алады. Мұндай жайттар аз емес. Осыны ескере отырып, Қасым - Жомарт Тоқаев Үкіметке алдағы жылдың басынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасын жүзеге асыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселелер: оның ішінде интернет - алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты мәселелердің елді алаңдатып отырғанына тоқталды. Нақты тапсырмалар берілді.
Бұл жолдау елімізді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жетуге арналған, саяси және әлеуметтік - экономикалық даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер қамтылған деп айта аламыз
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының
аға оқытушылары Р. И. Дүйсенбаева, М. П. Ешимов
Ел өркендеуінің берік негізі
- ramuk_b
- 6 қыркүйек 2024
- 490
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жолдау 2024
Ұқсас жаңалықтар:
Жолдау – бағыт пен болашақты айқындайды
Әр жыл сайын ҚР Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын одан ары өркендетуге, жаңғыртуға...Жолдау жүктеген маңызды міндет
Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық...Жолдаудан туындайтын міндеттер талқыланды
Бүгін, 2022 жылы 12 қыркүйекте әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Мемлекет...Саяси жаңғыру бағдары
Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет....Жолдау жүктеген маңызды міндет
Президент Қасым - Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.