Әл - Фараби және Абай Құнанбаев мұралаларындағы ғылым - білім мәселелерінің үндестігі
Қазақ ағартушылық идеясының бастауларының тарихи сабақтастығы, үдемелі түрде жетіліп дамығандығы мәлім. Осы орайда, Әл - Фарабидің философиялық, әлеуметтік - этикалық ой - тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл ағартушылардың шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты.
Әл - Фараби «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл - парасат мүмкіндігіне жан - жақты талдау жасай келе, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған инттелект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп - бөліп талдайды.
Әл - Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Әл - Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой - тұжырымын, ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамдық ойында сыни бағыттың негізін қалаған кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбайұлы асқан парасаттылықпен одан әрі жетілдірді.
Абай Құнанбайұлының «Он тоғызыншы қара сөзінде»: «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөзін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», – деп жазады.
Сондай - ақ, Әл - Фарабидің ғылым - білімді меңгерудегі интеллект рөлі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің «Он тоғызыншы сөзінде» мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын: «ғылым - білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша.
Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», – деп тұжырымдайды. Әл - Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде «жан қуаты» жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде (7, 17, 27, 38, 43 - сөздер) қайталануы кездейсоқ құбылыс емес, Әл - Фараби: «Ақыл - парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді.
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультеті университетіміздің 90 жылдығы аясында «FARABITANU»
#90 https://farabi. university «Талпыныс тәжі – табандылық» айдарында күн сайын Фарабитану мақсатында оқырманға пайдалы мәліметтермен https://www. facebook. com/profile. php? id=100087194850951 парақшасында бөлісуде.
ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің аға оқытушылары: Ө. Д. Сандықбаева, С. Р. Нұртілеуова
Әл - Фараби және Абай Құнанбаев мұралаларындағы ғылым - білім мәселелерінің үндестігі
- ramuk_b
- 4 наурыз 2024
- 373
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әл - Фараби және Абай Құнанбаев мұралалары, Қазақ ағартушылық идеясы
Ұқсас жаңалықтар:
ҚазҰУ - да өткізілген «Болашақта жасанды интеллект бізге көмектесе ме немес ...
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихы мен дәстүрі бай Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университетте жоғары білім...Ұлы даланың ұлы тұлғасы - Әбу Насыр әл - Фараби – ғұлама ғалым
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртуда, ең бірінші, ұлт қаһармандарының өнегелі өмірі мен құнды...Қ - Ж. Тоқаев бойынша қандай мамандықтар толығымен жоғалып кетуі мүмкін
Қазақстан Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен роботтандырудың салдарынан жоғалып кетуі мүмкін бірқатар мамандықтарды атады....Қара сөздер. Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп...Әбу Насыр әл Фараби
Әбу Насыр әл Фараби (870-950 жж.) Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.