Сайтқа кіру Тіркелу

Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Жуырда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесінің келуіне орай «Шығыс елдерінің жаңа жылы!» атты тақырыпта ашық кураторлық тәрбиелік іс - шарасы өтті.
Мерекелік іс - шараны шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының Қытай, Корея, Жапония, Филипин, Канада, Түркия және басқа да елдерден келген 11, 13, 14 топтарында оқитын шетелдік студенттері кураторлары Р. С. Туребекова, К. С. Якубаева, А. Е. Саденовалармен бірге өткізді. Шара барысында шетелдік студенттер оқытушылардан шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды атап өту салттары мен жолдары туралы, сонымен бірге әр елдің жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері және тарихы, түрлі көріністері жайлы мәліметтер алды.
Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Қытайда «Чуньцзе» немесе көктем мерекесі - қытайлықтар үшін қасиетті мейрам екені туралы, жаңа жылды тойлау дәстүрлері туралы, жыл бойы демалыссыз жұмыс істейтін еңбекқор халық Шығыс жаңа жылын 40 күнге дейін тойлайтыны туралы, бүкіл Қытай қызыл реңге бөленіп, жын - шайтандарды шошыту үшін күні - түні от шашатыны туралы айтып, өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Сонымен қатар, қытай тілінде өлең оқып, ән салды.
Кореядан келген студенттер Оңтүстік Кореяда жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері туралы, жаңа жылда отбасы мүшелері бәрі бірге жиналып үлкендерге сәлем беру ерекше саналатын дәстүрі туралы, арнайы жаңа жылдық ұлттық тағамнан дәм тату туралы сөз етті. Сондай - ақ, корей тілінде ән айтып, би биледі.
Одан кейін оқытушылар сөз алып, жаңа жыл – ел үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, сонымен қатар, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін айтып өтті.
Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы шығыс елдерінің жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімен таныса отырып, шығыс елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалады.
«Шығыс елдерінің жаңа жылы!» атты іс - шара шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

Айгүл Саденова, Раушан Туребекова, Клара Якубаева.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Бұл мерекелік концерт барысында шетелдік студенттер Қазақстанда бұл Наурыз мейрамына ерекше көңіл бөлінетініне, ол елімізде өмір сүріп жатқан сан...
Наурыз – халықаралық мейрам

Наурыз – халықаралық мейрам

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А. С. Айтпаева...
14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...
«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

«Наурыз – жыл басы!» атты онлайн - шара өтті

Қазіргі форс - мажорлық жағдайда әрі қиын кезеңде, яғни коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×