Сайтқа кіру Тіркелу

Аль - Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің тарихы мен географиясы білім беру бағдарламасының бірегейлігі туралы

“ 7M01602 Аль - Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің тарихы мен географиясы білім беру бағдарламасының бірегейлігі туралы”

Біздің қарқынды дамып келе жатқан әлемде жаңа тенденциялар пайда болып, білім беруде де жаңа қиыншылықтар шығуда. Бүгінгі таңда тарих пәнінің мұғалімдері бірқатар проблемаларға тап болады, cоның ішінде оқушылардың негізгі картографиялық дағдылардың болмауында. Білім беру жүйесіндегі осы олқылықтарды азайту үшін жақында пәндер мен мамандыұтарды біріктіру әдісі қолданылады. Тарих пен география сияқты екі мамандықты біріктіру әдісі, біздің ойымызша, білім беру жүйесіндегі өзекті және сапасы жоғары әдіс болып көрінеді. Тарих мұғалімінің географиялық салада терең білімі болуы маңызыды ма? Әрине, бұл өте маңызды. Қарапайым картографиялық білімі жоқ тарих саласының мұғалімін елестету мүмкін емес. Бұл экономикалық процесстер, бұл елдердің топонимикасы, cаяси картаның өзгеріске ұшырауы. Cондықтан 21 ғасырдағы тарих пәнінің мұғалімі терең тарихи білімнен басқа географиялық білімге ие болуы да маңызды.
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде “7M01602 – Тарих - география мамандығы бойынша ” магистратураның білім беру бағдарламасы бар. Осы бағдарлама болашақ мұғалімдер үшін жаңа көкжиектер ашады және бірден екі саланың – тарих және географияның бәсекеге қабілетті мамандарын дайындайды, болашақ маманның кәсіби дағдыларын шыңдайды. Осылайша Әл - Фараби атындағы ҚазақҰУ әмбебап мамандар шығарады.
Тарих пен географияның пәнаралық байланысын растайтын көптеген мысалдар бар. Қазіргі кезде “Тарих - география ” мамандығы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Мамандық шеңберінде “ Тарихи - географиялық зерттеулердегі геоақпараттық жүйе”, “ Географияны оқытудың инновациялық әдістері ”, “ Гендер теориясына кіріспе”, “ Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау ”, “ XIX ғасырдағы Орталық Азияның картографиялық зерттеулері ” сияқты қызықты, әрі пайдалы пәндер оқытылады. Cондай - ақ “7M01602 – Тарих - география” мамандығын бітіргеннен кейін т үлек тарих пен географияны оқытудың инновациялық білім беру әдістемелерін әзірлей алады, ГАЖ технологияларын қолдана алады, ғылыми зерттеулерді жүргізіп, ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу процессіне енгізеді.

Ж. Р. Сейдалиевна
Дүние жүзі тарихы, қазақстан тарихы және деректану кафедрасының профессоры,
тарих ғылымдарының докторы
М. А. Маратқызы
Әл - Фараби атындағы
ҚазҰУ тарих факультетінің
2 курс магистранты
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - мен бірге жылу энергетикасы саласындағы маман  ...

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - мен бірге жылу энергетикасы саласындағы маман ...

Жылу энергетикасы - энергетика саласындағы ең маңызды және сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Ол жылумен жабдықтау жүйелерін жобалаумен, салумен,...
Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Халықаралық әдістемелік семинар өтті

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында

Барлық саланың қарыштап дамып, өркендеп өсуі білім мен ғылымның даму қарқынына байланысты екендігі сөзсіз, яғни маңызды дүниелердің бірі – білімнің...
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...
Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілген “Білім мен болашаққа жол ашқан - ҚазҰУ ”...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×