Тіл – өрісі кең әлем
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «академиялық ұтқырлық» жобасы бойынша көптеген шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз қарым - қатынас жасап келеді. Соның бірі Қытай елінің жетекші жоғары оқу орындарымен студент алмастырып оқыту жылдан - жылға жалғасып келеді. Бүгінгі таңда ҚазҰУ ҚХР 43 жоғары оқу орнымен серіктестік орнатты. Бұл қарым - қатынастың мақсаты еларалық, университетаралық білім, ғылым ынтымақтастығын дамыту.
Осындай оқу орындарының бірі – Бейжің шет тілдер университеті. Бұл университетте төрт жылда бір рет өзге талапкерлермен қоса, он шақты талапкерді қазақ тілін екінші шет тілі ретінде үйрету үшін оқуға қабылдайды. 2016 жылдан бері Бейжің шет тілдер университетінде екінші топ түлек қазақ тілін үйреніп жатыр. Бейжің шет тілдер университетіне түскен студенттер алғашқы курста бірінші шет тілі ретінде тек орыс тілін оқыса, екінші курстан бастап, қазақ тілін екінші шет тілі ретінде меңгеруді бастайды. 2021 - 22 оқу жылында пандемияға байланысты студенттер қазақ тілін үйренуді онлайн бастады. Ал биылғы 2022 - 23 оқу жылында бұл 7 студент Қазақстанға келіп, тілдік ортада Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың жатақханасында тұрып, ЖОО дейінгі білім беру факультетінде қазақ тілін еркін меңгеру үшін бар күштерін салып кірісті. Оқып жатқан студенттердің тілге деген құлшынысы көз қуантып, көңіл толтырады. Олардың ұлт тіліне деген ерекше құрметі мен көзқарастарының негізі тереңде екенін байқаймыз.
Алыс - жақын мемлекеттерді, ондағы халықтың мәдениетін, болмысын, қоғамдық қарым - қатынасын, әлеуметтік әдебін, саяси - экономикалық бағытының негізін сол елдің ұлттық тілін меңгеру арқылы танып білу қашанда тиімді. Мағжан Жұмабаев «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады» деп дәп басып айтқан. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл әр халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағы, таусылмас қазынасы. Ал Қытай философы Конфуций "Бір ұлттың тілі бұзылса, сол ұлттың рухы мен әдет - ғұрпы бұзылады. Егер бір ұлттың рухы мен әдет - ғұрпы бұзылса, әділет және ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Бір ұлттың тілі бұзылса, сол ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды. Мұндай жағдайдың алдын алу өте маңызды",- деген екен. Қазіргі біздің қоғамдағы қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесі және оны сақтап қалу мен ғылым, білім тілі ретінде дамыту шаралары шет азаматтары үшін - үлкен фактор. Конфуций ілімін терең түсінген көршілес Қытай мемлекетінің азаматтары ұлтты танудың кілті оның тілінде екенін нақты біледі. Нақ осы білім оларды қазақ тілін меңгеруге уәждендіріп, талпындырып отыр.
Студенттер дәрісханадағы оқу - білімнен басқа, тілді білудің, халықты танудың басқа жағдайларын қалт жібермей, белсенді өмірді ұстанады. Оқудан тыс уақытта мұражайларға барып, ондағы экспонаттарды шүйіле зерттеп, орысша, қазақша атауларын қатар жаттайды, тілін терең түсінбесе де, Алматы театрларына баруды да әдетке айналдырған. Алматы көшелерін, саябақтарын, сауда орталықтарын аралағанда көрген, білген қызықтарын айтып, түсінбеген жағдайларын үнемі сұрап біліп отырады. Тіпті ет асуды, палау пісіруді де қызық көріп, үйреніп алған.
Студенттер факультеттің өміріне де белсене араласуды көздейді. Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі - 2023» атты халықаралық ғылыми конференциясына барлығы қатысып, қызықты баяндамалар жасады. Конференцияға өздері таңдап алған тақырыптарына қарап, студенттердің қызығушылық аясының кеңдігін байқауға болады. Олар екі ел арасындағы су ресурстары, тілдер саясаты, темір жол қатынасы, жеке тұлғалар, ұлттық әдет - ғұрыптар, қазіргі интернет сауда сияқты тақырыптарды қазақ тілінде баяндап, мазмұнын ашуға тырысты. Сондай - ақ шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы жыл сайын ұйымдастыратын қазақ және орыс тілдері олимпиадасына қатысып, өздері туралы бейнероликтерін жасап жүлделі орыдарға ие болды.
Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан елшілігі Наурыз мерекесіне байланысты Қытайдың 4 ЖОО арасында ұйымдастырған қазақ тілінде мәнерлеп оқу мен елтану байқауында Хуан Юйсинь атты студент бас жүлдені жеңіп алды.
Барлық студент алдарына нақты мақсат қойып, оған жету үшін аянбай еңбек етеді. Бұл студенттер – болашақ елшілер. Олар қазір оқып, алған білімдерін болашақта екі елдің игілігі үшін жұмсайды деп сенеміз. Себебі қазақ тілі арқылы олардың танымына құйылған біздің елдің рухани болмысы, олардың болашақта ғылым мен білім жолында екі ел ынтымақтастығын нығайту үшін дұрыс шешім қабылдауына ықпал ете алады деп ойлаймыз.
Тіл – өрісі кең әлем! Тіл арқылы қазақ халқының мәдениеті, тарихымен қоса, әдет - ғұрып, салт - дәстүрін ұғынып, елдің жүрегіне жол таба алатын азамат болуыларына тілектеспіз.
Г. Ә. Мұсаева
Шетелдіктердин тилдик жане жалпы білім беру дайындығы кафедрасы
ЖОО дейінгі білім беру факультеті.
Тіл – өрісі кең әлем
- ramuk_b
- 15 сәуір 2023
- 526
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл – ұлттың тірегі, басқа тілді білудің, халықты тану
Ұқсас жаңалықтар:
Дүние жүзінен келген шетелдіктер қалай оқуда
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетіндегі студенттер – дүние жүзінен келген шетелдіктер....Шетелдік студенттер «Алғыс айту күні» мерекесін атап өтті
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру...Халықаралық әдістемелік семинар өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының...Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - дың (www. kaznu. kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - ң «ҮІІІ...«Гай Го Сай» мерекесі
Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи - мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.