Сайтқа кіру Тіркелу

Мұхтар Әуезов және әлем мәдениеті

Мұхтар Әуезов және әлем мәдениеті

Мұхтар Әуезов - ұлы жазушы. Сонымен қатар ол мәдениет тақырыбына арналған зерттеу еңбектер жазды. Мені де әлемдік мәдениет қызықтырады. Жазушының әлемдегі өркендеген жалпы адамзат мәдениет орындары Италия, Үндістан, Америка, Жапония туралы зерттеулері туралы еңбектері өте қызықты. Мұхтар Әуезов Греция, Римнің мәдениетін қазақ еліне әкелуші деп ойлаймын. Ол Римдегі әулие Петрдің «Санживанни», Сан Пьетро Инквинколыли храмдары, Ватикан мұражайын, Виктор Эммонуэл, Гарибальды ескерткіштерін тамаша суреттеп таныстырады. Бейнелеу өнерін, музыка, мүсін, сәулет өнерін жоғары бағалап, Италияны Еуропаның ұстазы деп атайды. Еуропа мәдениеті туралы ойларын «Жол сапар» деген еңбегінде жазған. Ең сұлу табиғаты бар Алпенин аралын, Швейцарияның Альпі тауын ұшақтан көріп, тамаша суреттейді. Швейцарияның тауларын, теңіз көрінісін Алматыдағы Алатаудың айналасындағы табиғатпен байланыстырғаны да ғажап.
Сонымен бірге Мұхтар Әуезов Үндістан халықтары мәдениетін де зерттейді. Ол жайында «Индия очерктері» деген еңбек жазып, оқырмандарға таныстырады. Ең қызығы Үндістанды басқарғандар туралы өте қызық деректер жазды. Көп жылдар Индияны «ұлы моғолдар нәсілі» басқарғаны туралы дерек мен үшін қызық болды. Шынында 1526 жылдан Индияны өзіне қаратқан Бабурдан бастап 1707 жылы өлген Ауранзепке дейін бір топ патшалар «ұлы моғол нәсілі» болғаны Бабырнаме жырында да айтылған екен. Атақты «Тәжімахал» әлемдегі адам қолымен тұрғызған жеті ғажайып архитектураның бірі деп, Стамбулдағы Айя - Сафия мешіті, Венециядағы әулие Марктың соборы, Афинадағы Парефенон, Франциядағы Реймский соборы, Мәскеудегі Василий Блаженный, Кордово халифатындағы Альгамбра сарайы туралы да жазғаны мен үшін ғажап. Жер аасты храмдары туралы да керемет, әсіресе 70 жыл салған храмға мен таңғалдым. Және жазушы тамаша қорытынды жасайды: үндістанда еуропалық халықаралық өнерді аз қабылдаған, ғылым, оқу, кино өнері еуропалық үлгіні мол алған, театр, музыка, би, бейнелеу, әдебиет ежелгі дәстүрді сақтап қалған, ұзақ уақыт ағылшын отары болса да, ағылшын ықпалына өтпеген дейді, бұл шындық қой.
Жазушы АҚШ - тың Нью - Иорк, Вашингтон, Бостон қалаларын, Калифорния, Лос - Анжелос, Аризона штаттарын аралап көргендері туралы «Америка әсерлері» деген ғылыми еңбек жазады. Бұл да Американың мәдениетімен қазақ халқына таныстырған тамаша еңбек. Вашингтондағы Конгресс кітапханасы, Ұлттық галериясы, театрлар туралы көп көп суреттейді. Әсіресе университеттер тарихы мен ғылым - тәрбесі туралы көбірек айтады. Американың екі жүз жылдық тарихта жеткен жетістіктері мені де қызықтырды. Әлемдік мәдениет туралы мен де зерттегім келеді.

ЖОО - дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және білім беру дайындығы кафедрасы
4 - топ тіл үйренушісі Саглам Сурзан Баки
Ғылыми жетекшісі Р. И. Дүйсенбаева
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
М. Әуезов Жапония туралы

М. Әуезов Жапония туралы

Әр халықтың ұлы тұлғалары болады. Қазақ халқы үшін – Абай деп ойлаймын. Абай әлемдегі адамдардың құндылығы деп білемін. Абайдың дана адам екенін...
Классикалық өнер жауһарлары

Классикалық өнер жауһарлары

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу....
Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Шетелдік студенттер Есік мемлекеттік тарихи - мәдени қорық - мұражайын тама ...

Бүгінгі жаһандану үдерісінде Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар – тарих куәсі,...
Мәдениет туралы ұлағатты сөздер

Мәдениет туралы ұлағатты сөздер

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды. Ғабит Мүсірепов...
Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов "Бала Абай"

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Тақырыбы: Мұхтар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×