Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану
«Жаман басшы не істеу керек екенін біледі. Ал жақсы бастық оны қалай істеу керек екенін көрсетеді» деп ойымды А. Луначарский сөзімен бастағанды жөн көрдім. Мен әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының бірінші курс магистрантымын. Оқу аясында бізде «Басқару психологиясы» пәні енгізілді. Жетекшіміз Нұржамал Сейдалиевнаның сабақ өткізу тактикасының ерекшелігіне байланысты, менің бұл пәнге деген қызығушылығым ашылып, өткізілген тренингтен керемет әсер алдым. Лидер деген ол кім жалпы? Ол адамның лидер екеніне қалай көз жеткізе аламыз? Кез - келген адам лидер бола ала ма? Лидерді қандай шартқа сай таңдаймыз деген көптеген сауалдар көкейімізде жатыр. Алдымен лидер деген кім соны біліп алайық. Лидер - ағылшын тілінен аударғанда басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді, яғни адамдарды өзін - өзі белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез - құлықтарына әсер ете білу үшін басқарушының қолданатын басты құрылғысы. Лидер ол жан - жақты. Ол - философ та, психолог та, автор да, идеолог та, қысқаша айтсақ, өз ісінің маманы. Ең алдымен лидер мен басшы деген сөзді ажырата ала білу керек. Басшы деген, барлығымызға мәлім, жұмыс беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам болып саналады. Бұл негізгі адамның лауазымы. Ал лидер дегеніміз, адамдарды жақындастыра отырып, белгілі мақсатқа жету жолында адамдарды бағыттаушы тұлға. Ал негізгі сұраққа жауап беріп көрейік... Лидер болу үшін не істеу керек? Дейла Карнеги «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері» атты кітабында лидерге тән қасиеттерді атап өтті. Оның ішінде:
1. Ең алдымен жұмысты мақтаудан және әділ бағалаудан бастау керек;
2. Қателіктер жөнінде бетпе - бет кездесіп айту керек;
3. Адамды сынаудың алдында, өз қателігіңіз туралы айтыңыз;
4. Бұйрық берудің орнына, идеяларды әкелетін сұрақтарды қойыңыз;
5. Жұмыс орнынан кететін адамның атақ - абыройын сақтауға көмектесіңіз;
6. Қандай жетістік болмасын, мақтаңыз;
7. Басқа адамға жақсы абырой - бедел беріңіз, ол осыған лайықты болу үшін талаптана бастайды;
8. Қателікті түзетудің оңай екендігін көрсетіңіз. Жақсы сөздер және қолдау, қателіктерді түзетуді жеңілдетеді.
Лидер болу үшін адамның жеке дара ерекшеліктеріне: жауапкершілік, белсенділік, ұйымдастыру қабілеті, топтық мақсаттарға жетуге ұмтылысы, топтың қал - жағдайы туралы хабардар болу, тіл табыса алушылық, кәсіби шеберлік, сенімділік пен шыдамдылық кіреді.
Лидер әрқашан басшы бола бермейді, бірақ оның лидерлік қасиеттерін мойындайтын кез - келген адамның алдында әрқашан беделге ие. Ол адамдардың пікіріне қатты әсер етеді, оларды бағыттай алады және олардың қызметін ұйымдастыра алады. Оның пікірі тыңдалады және көбінесе оның шешімдерімен келісе отырып, жағдаяттарды шешуді сұрайды.
Лидердің атқаратын қызметтеріне: адамдарды біріктіру, қызығушылықтарын қорғау, жаңашылдық енгізу; қызметті ұйымдастыру кіреді. Кез - келген ұйым немесе адамдардың белгілі бір мақсатқа жету жолында құрылған тобы және оны бастайтын көшбасшысы болатыны анық. Сол сияқты, біздің білім алып жатқан ордамыз, әл - Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университетінде 17 факультет болса, әр факультетті басқару стратегиясымен ұстап отырған белгілі бір басшы мен лидерлер бар. Қазақ Ұлттық Университетіміздің әлем бойынша дамыған 200 университеттің қатарына кіруінің бірден бір нәтижесі ол - лидерлердің ұйымдастырушылық қасиеттерінен туындаған көрінісі.
Осы бір тұста мақаланы әл - Фараби атамыздың керемет жазылған бір сөзімен қорытындылағым келіп отыр...«Ізгі қала басшысында мына сипаттар, атап айтқанда: жаратылысын өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін..., өзі түсінген, көрген, естігенін және аңғарғанын жадында сақтайтын..., алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдай анық айтып бере алатын өнер білімге құштарлық тәрізді бойына 12 қасиетті ұштастыра алатын адам ғана халықтың басшысы бола алады».
Тленчиева Н. С
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жубаназарова Н. С
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Кусаинова Ж. К, Назар З. Н.
1 - курс магистранттары
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.
Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану
- ramuk_b
- 14 қараша 2022
- 1199
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Лидерлік дағдылар, лидер, лидерлік қасиеттер
Ұқсас жаңалықтар:
Психикасы сау балаларды тәрбиелеудің маңыздылығы
Мен Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Стандарттау және сертификаттау» бірінші курс магистрантымын. Оқу жылының бірінші семестрінде...Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық
Қазіргі кездегі күйбелең тіршілікте, кейде уақыттың жетіспеуінен бе, әлде заман ағымының толассыз - тоқтаусыз жаңашылдықтарынан ба, көбіне, тіпті,...Жалғыздық – тұлғаның дамытуына әсер етуші фактор ретінде
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі,...Білім биігінде: басқару психологиясы
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...65 - қадам: мақсатыңызға жетуге кедергі жасайтын нәрселерге жоқ деңіз
Мақсатқа жетуге бұл – үлкен жетістік. Ал жетістік оңай келмейтіні анық. Мақсатыңызға жетуде небір түрлі кедергілер болатыны белгілі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.