Психикасы сау балаларды тәрбиелеудің маңыздылығы
Мен Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Стандарттау және сертификаттау» бірінші курс магистрантымын. Оқу жылының бірінші семестрінде «Басқару психологиясы» атты пәнін оқып жатып, ойыма бірнеше мәселе келді. Аталмыш пәннің біздің өмірімізде алатын үлкен орны бар екеніне көзім жетті. Себебі сабақтан өзімді жақсы көңіл - күймен және шабыттанып шығатынымды байқадым.
КСРО құлдырауымен Қазақстанға жұмыссыздық мәселесі келді. Соған байланысты таныс арқылы, туыс арқылы, пара беру арқылы жұмысқа орналасу көбейіп кетті. Алайда Қазақстан жылдар өте өзгерді. Бірақ жоғарыда аталған әдіспен жұмысқа тұру мәселесі толықтай жойылған жоқ. Жаңа Қазақстанның келуімен және білімді ұрпақ тәрбиелеудің арқасында бірте - бірте бұл әдістер жойылуда. Себебі кез - келген кәсіпкер жұмысын толық атқармайтын туысына құры ақша төлеп отырғанша, білікті маманды жұмысқа алып, өз кәсібін көркейтуді жөн көреді. Мен өз тәжірибемде Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін 2022 жылы бітірген кезде осы мәселемен бетпе - бет кездестім. Университетті шілде айында бітірдік, алдымызда магистратураға түсу үшін тапсыратын тест келе жатыр, бірақ 1 қыркүйек күні жұмыс істейтініңді растайтын құжат тапсыруымыз керек. Сол кезде бойымды дүрбелең баурап алды. Жұмыс іздеу барысында бірнеше жерге барып көрдім, айлық өте аз болды. Жас мамандар ең жоғары дегенде 90 мың теңге алатын. Ойлап тұрсам төккен қан мен тердің бағасына мүлдем сай болмады.
Z және alpha ұрпақтарының ойлау қабілеті өте жоғары және олар өздеріне не керегін біледі. Бұл ұрпақтар өздерінің ата - аналарына қарағанда күнде жұмыс істеп, толықтай уақытын жұмысқа бөлуді таңдамайды. Бұл ұрпақ жұмыс істеу үшін өмір сүрмейді, өмір сүру үшін жұмыс істейді. Z және alpha ұрпақтары өзінің жеке өміріне уақыт қалатындай, спортпен айналысып та үлгеретін жұмыс іздейді. Психологиялық тұрғыдан Z және alpha ұрпақтары бірқалыптылықты емес, өміріне айтарлықтай өзгерістерді жиі енгізгенді ұнатады. Яғни олар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзіне қолайлы жұмыс іздейді. Болашақта олар таныс арқылы, туыс арқылы, пара беру арқылы жұмысқа орналаса алмайды, себебі кәсіпкерлерге кәсіптің сапасын арттыру үшін және бәсекеге қабілетті кәсіп жүргізу үшін бәсекеге қабілетті, білікті жұмыскерлер керек.
«Сапа» сөзінің нақты тұжырымдамасы жоқ, себебі заман өзгерген сайын сапаға қойылатын талаптар да жоғарлай береді. Кәсіпорындарға сапа менеджмент жүйесін енгізу басталғалы бері, жаңа жұмыскерлерді жұмысқа сайысқа түсу арқылы, тест тапсыру немесе біліктілікті тексеру бойынша алады. Z және alpha ұрпақтарына психикалық тұрақты болу керек, бәсекеге түскен кезде сәйкесінше адамға келетін стресс те артады. Жастардың арасында депрессияға түсу, өмірден түңілу, өмірдің мәнін іздеу деген сөз тіркестері қолдануы жиі естіледі. Мектеп оқушыларына ата - анасы мен ұстаздары «сабағыңды 5 - ке оқы», «сыныбыңда үздік бол», «қатардан қалма», «грантқа түс»деп үлкен ауыртпашылық артады. Студенттерге «стипендиядан түспе», «сабағыңды оқы», «оқып жүріп, мамандығыңа сай жұмыс тап» дейді. Жұмысқа тұрған жастарға «бастығың ауыр сөлесе де шыда», «мансап баспалдағынан құлама», «ұнамаса да, ақша тап» және т. б. сөздер айтады. Осындай сөздерден психикалық тұрғыда тұрақты емес жастар өздерін жоғалтып жатады, күні - түні жұмыста жүрген ата - анасынан назарын аудару үшін жаман жолға түсіп кететіндері де болады. Жастар арасында суицидке жүгіну өте көп, және орта жас өкілдері психологтың қызметіне де көп жүгінетіні байқалады. Алайда әлі де психологқа баруды «ұят» деп санайтын адамдар көп.
Бұның бәрі бала кезінде адам психологиясы туралы ештеңе білмегендіктен, адам өзін басқару білмегендіктен болады. Психикалық тұрақты баланың өсуін қамтамасыз ету үшін адамды санасы орныққан кезінен адам психологиясын түсіндіріп, өмірде де қиын жағдайлар мен қиын адамдар көп екенін түсіндіру маңызды. Мектепте бұл жағдайдардың алдын алу үшін мектеп психологтары жұмыс жасайды. Алайда кез - келген бала басына қиындық түссе психологқа бару керегін білмейді. Әдетте бір мектепте бір ғана психолог болады, балалар психологқа баруға ұялғандықтан, психологтарды мектепте өзектір және керек маман санамайды.
Бастауыш сыныпта оқып жүргенде бізге 3 - сыныпта психология сабағы болатын. Күні бойы алған ақпатаратты қорыту үшін және миымызды шамалы тынықтыру үшін бұл сабақ қызық өтетін. Сурет салу арқылы қандай бала стрессте жүргенін немесе отбасында қандай мәселе болып жатқанында апайлар біліп, қол ұшын созуға тырысатын. Кейін бұл сабақты алып тастады, содан соң соңғы рет қашан психологқа барғаным шынымды айтсам есімде жоқ. Егер де мектептерде психологияны толықтай бір дисциплина ретінде оқушылар меңгерсе жақсы болар еді. Оқушыларға сырттан келген стресспен күресуді және өзін әлеуметтік ортада ұстауға, мәдениетке үйрететін бұл психология.
Студенттерге бөлек бір дисциплина ретінде басқару психологиясын өтеді, себебі адам басқа адамдармен жұмыс бойынша көп қарым - қатынасқа түсетін болады. Басқару психологиясы адамдармен тіл табысуды, адамдармен басқару, адамдармен темпераментіне сәйкес қарым - қатынас тәсілін табу, сыртқы ортаның қысымына шыдауға үйретеді. Бұл студенттерге әлеуметтік ортада өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға көмегін береді.
Тленчиева Н. С.
Жубаназарова Н. С.
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Тохтар Айқаракөз Маратқызы,
Советова Алуа Саянқызы
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ,
физика - техникалық факультетінің 1 курс магистранттары
Психикасы сау балаларды тәрбиелеудің маңыздылығы
- ramuk_b
- 12 қараша 2022
- 540
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Психикасы сау балалар, тәрбиелеудің маңыздылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Жастардың ұғымындағы ең жоғарғы құндылық
Қазіргі кездегі күйбелең тіршілікте, кейде уақыттың жетіспеуінен бе, әлде заман ағымының толассыз - тоқтаусыз жаңашылдықтарынан ба, көбіне, тіпті,...Жалғыздық – тұлғаның дамытуына әсер етуші фактор ретінде
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғарғы білім беруде көш бастайтын оқу орны. Еліміздің білім деңгейі,...Білім биігінде: басқару психологиясы
Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық...Билл Гейтс жас ұрпаққа берген жеті кеңесі
№1 кеңес: өмір әділ емес екеніне үйренетін уақыт келді. Бірінші рет ештеңе жұмыс істемейді, ойыннан жеңімпаз ретінде шығу алдында көптеген...«Тіл - біздің тұтастығымыз»
Жыл сайын Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлап, атап өтеді. Осы мерекеге орай жақында әл - Фараби атындағы Қазақ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.